Студенттердің өз бетімен орындауға арналған тапсырмалары 1. Нақты типті n элементтен тұратын массивтегі соңғы теріс элементтің оң
жағында орналасқан элементтердің қосындысын есептейтін программа
жазыңыз.
2. Нақты типті n элементтен тұратын массивтегі алғашқы оң элементтен кейін
орналасқан элементтердің қосындысын есептейтін программа жазыңыз.
3. Тізім берілген. Оның ақпараттық бөлігі оң сандардан тұрады. Ең үлкен санды
табу керек.
4. Ақпараттық бөлігі студенттердің фамилиясынан тұратын тізім құру керек. Тегі
«Петров» болып келген студенттер санын табу керек.
5. Ақпараттық бөлігі нақты сандардан тұратын тізім құру керек. Тізімнің оң
элементтерінің көбейтіндісін табу керек.
6. Ақпараттық бөлігі бүтін сандардан тұратын тізім құру керек. Олардың
қосындысын табу керек.
7. Ақпараттық бөлігі бүтін сандардан тұратын тізім құру керек. Тізімнің 2-ге еселі
элементтерінің санын табу керек.
8. Кітап атауларының реттелген тізімі берілген. Тізімдегі реттілікті сақтай
отырып жаңа кітап туралы ақпарат қосу керек.