Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


б) Жай  сөйлемдердің   шартты   рай   аркылы құрмаласуы



Pdf көрінісі
бет104/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі

б) Жай  сөйлемдердің   шартты   рай   аркылы құрмаласуы.  
 Шартты  рай-  етістік  райлары  ішінде  синтаксистік  функциясы  тұрақтылардың  
бірінен саналады. Ол əрдайым дерлік сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Онда 
да  кез  келген  сөйлемнің  емес,  негізінде,  сабақтас  құрмалас  сойлемнің  бағыныңқы 
компонентінің  баяндауышы  болады.  Бұл  функцияда  ол  жіктеліп  те,  жіктелмей  де 
қолданыла береді. Бұл арада ескеруді керек ететін бір нəрсе–шартты райға жалғанатын 
жіктік  жалғаудың  қалыпты  баяндауыш  жалғауынан  өзгешелігі.  Қазақ  тіліндегі  жіктік 
жалғаудың  өзі  жалғанған  сөзіне  тиянақтылық  мəн  беріп,  оны  сөйлемнің  тиянақты 
баяндауышы  етіп,  бастауышпен  жақтастырып  тұратыны,  сондықтан  оның  баяндауыш 
жалғауы  деп  те  аталатыны  белгілі.  Ал  шартты  райға  жалғанатын  жіктік  жалғау  да 
баяндауыш жалғау, ол да баяндауышпен жақтастырады. Бірақ шартты райға жалғанған 
жіктік жалғауда баяндауыш жалғауында болатын ең негізгі қасиет- тиянақтылық қасиет 
болмайды.  Сондықтан  да  шартты  рай  белгілі  бір  жаққа  жіктеле  айтыла  тұрып  та 
бағыныңқы  жай  сөйлемді  басыңқы  жай  сөйлеммен  құрмаластыру  функциясын  атқара 
береді.  Мұндай  орындағы  жіктік  жалғау  тек  бір  ғана  функцияны,  баяндауыш  болып 
тұрған  шартты  райды  бастауышпен  қиыстыру  функциясын  ғана,  атқарады.  Жай 
сөйлемдерді  бір – бірімен  сабақтастыра      құрмаластыру  қызметінде  қолданылатын 
етістіктің    басқа  түрлерінен  шартты  райдың  негізгі  бір  ерекшелігі-оның  басқа 
түрлерінен шартты райдың негізгі бір ерекшелігі-оның осы жақтық формада айтылып, 
өз  бастауышымен  қиысып  тұрғандыгында.  Бұл  жағынан  алғанда,  шартты  райлы 
бағыныңқы  компоненттердің  баяндауышы  қызметінде  қолданылатын  етістіктер 
ішіндегі  шын  мағынасындағы  предикаттық  мəні  бар  бірден-бір  сөз  деуге  болады. 
Өйткені  предикаттық  мағынаның  негізгі  көрсеткішінің  бірі  баяндауыш  қызметіндегі 
сөздің  белгілі  бір  жақта  айтылып,  өз  бастауышымен  киысатындығы  болса,  ол-
бағыныңқы  жай  сөйлемдердің  баяндауышы  қызметінде  қолданылатын  сөздердің 
шартты райдан баскаларының ешқайсысындада да жоқ.  
Жай сөйлемдерді бір-бірімен қарым-катынасқа келтіріп, құрмалас сойлем жасауда 
шартты  райдың  өзіндік  тағы  бір  ерекшелігі  бар.  Оны  байқау  үшін  шартты  райлы 


 
 
бағыныңқы  сөйлем  баяндауышы  функциясында  қолданылатын  етістіктің  басқа 
түрлерімен салыстырайық.  
Жай  сөйлемді  бір-бірімен  құрмаластыру  қызметін  есімшелердің  де  атқаратыны 
белгілі.  Бірақ  екі  жай  сөйлемді  бір-бірімен  қарым-қатысқа  келтіретін  есімше 
формасының  өзі  емес,  есімшеге  жалганатын  əр  түрлі  септік  жалғаулары  мен  оған 
тіркесе  айтылатын  шылаулар.  Бұларсыз  есімше  құрмалас  сөйлем  жасай  алмайды.  Ал 
шартты рай олай емес, ол баска бір қосымша формалардың, дəнекерлердің жəрдемінсіз-
ақ  екі  жай  сөйлемді  құрмаластыра  алады.  Сөйтіп,  ол  екі  түрлі  функцияны  бірден 
аткарады:  əр  сөйлемнің  баяндауышы  болады,  əр  екі  жай  сөйлемді  бір-бірімен  қарым-
катыска келтіретін синтаксистік дəнекер болады.  
Бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болып келген шартты райдың кейде шылау 
сөздерге тіркесіп тұратыны да болады, бірақ шылаулар екі жай сөйлемді байланыстыру 
үшін  қолданылмайды,  жай  сөйлемдердің  мағыналық  қатынастарын  түрлендіру  үшін 
қолданылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет