Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


в)Жай   сөйлемдердің   шылаулар   арқылы құрмаласуы



Pdf көрінісі
бет105/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі

в)Жай   сөйлемдердің   шылаулар   арқылы құрмаласуы.  
Жай  сөйлемдерді  құрмаластыруда  шылаулардың  атқаратын  рольдері  де  ерекше. 
Шылаулар құрмалас сөйлемдердің салалас түрін жасауға да, сабақтас түрін жасауға да 
қатнасады.  Бірақ  екеуіне  қатынасатын  шылау  екі  түрлі:  жай  сөйлемдерді  салыстыра 
құрмаластыруға қатнасатындар жалғаулық шылаулар да, сабақтастыра құрмаластыруға 
қатнасатындар, негізінде, демеулер.  
Жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  сабақтастыра  құрамаластыру  қызметін  атқарғанда 
септеуліктер  бағыныңқы  компонент  баяндауышы  болып  тұрған  тиянақсыз  етістікке 
көмекші болып, соны меңгеріп, жетектеп тұрады. Ондай септеуліктер қатарына-шейін, 
дейін, бері,сайын,соң,үшін шылаулары жатады.  
Бұл  аталған  шылаулардың  синтаксистік  функциялары  түрі-түрлі.  Сондықтан 
бұлар  келген  орынның  бəрінен  бірдей  бағыныңқы  сөйлем  іздеуге  болмайды. 
Келтірілген  ептеуліктер  қалыптасқан  тиісті  орындарда,  белгілі  формадағы  арнаулы 
сөздерге  тіркесіп  айтылған  жағдайда  ғана  аталған  қызметті  атқара  алады  жəне  бұл 
септеуліктер тіркесетін сөздердің морфалогиялық формалары да əр түрлі болады. Атап 
айтқанда  шейін,  дейін  септеуліктері  өткен  шақтық  есімшенің  барыс  жалғаулы  түрін 
меңгеріп  тұрып,  бағыныңқы  компонент  баяндаушы  құрамына  енеді.  Мұндай 
компоненттер  бағыныңқы  сойлемдердегі  іс-əрекет  болғанга  дейін,  басыңқыдагы  іс-
əрекеттің  болып  қойғандығын  я  болып  қоятындығын  немесе  болудың  мезгілдік  шегін 
білдіреді.  
Кейін, бері шылаулары өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрін меңгеріп 
тұрып,  багыныңқы  сөйлем  баяндауышы  құрамына  енеді.  Мұндай  компоненттер 
бағыныңқы  сөйлемдегі  əрекет  болғаннан  кейін  басыңқыдағы  іс-əрекеттің 
болатындығын я болатындығын немесе басыңқы сөйлемдегі іс-əрекеттің қашанна бері 
болып келе жатқан мезгілдік шегін білдіреді.  
Сайын,  соң  шылаулары  атау  тұлғалы  өткен  шақтық  есімшеге  тіркесе  айтылып, 
бағыныңқы  сөйлем  баяндауышы  болады.  Мұндай  компоненттердің  сайын  шылауы 
араласқан  түрі  бағыныңқы  сөйлемдегі  іс-əрекет  болған  сайын,  басыңқыдағы    іс-
əрекеттің де қайталап болып отырғандығын білдірсе, соң шылауы араласқан түрі бірде 
басыңқыдағы    іс-əрекеттен  кейін  болғандығын  білдірсе,  бірде  басыңқыдағы  іс-
əрекеттің  болу-болмау  себебін  білдіреді.  Соң  шылауы  кейде  өткен  шақтық  есімшенің 
шығыс жалғаулы түрімен де бірігіп айтылады. Мысалы: Шұбардың жаңағы сөзі есіне 
түскен сайын, Əбіштің намысы мен ызасы үйдей түсті.  
Үшін  шылауы  тұйық  етістіктен  болған  баяндауышы  бар  бағыныңқы  сөйлемді 
басыңқы сөйлеммен байланыстырады. Мұндай бағыныңқылар басыңқы сөйлемдегі іс-


 
 
əрекеттің  мақсатын  білдіреді.  Мысалы,  Күзетші  сезіп  қалмау  үшін,  біз  жыраның 
ішімен еңбектеп кеттік.  
Жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  ұшырастырып,  құрмалас  сөйлем  жасауда  шешуші 
роль  аткаратын  шылау  сөздердің  екінші  түрі-жалғаулықтар.  Олардың  қатарына 
мыналар жатады: 
а)  себептестік  қатынасты  білдіретін  сондықтан,  себебі,сол  себепті,  өйткені,неге 
десең жалғаулықтары;  
ə)  мезгілдестік,  өсіңкілік  қатынасты  білдіретін  жəне,  да,  де,  та,те,  əрі 
жалғаулықтары;  
б)  қарсылықты  қатынасты  білдіретін-бірақ,  сонда  да,  сөйтсе  де,  алайда,əйтсе 
де,ал, дегенмен жалғаулықтары;  
в) кездестік, талғаулық, бірдейлестік қатынасты білдіретін бірде, біресе, кейде,не, 
немесе, болмаса,əлде,я, яки жалғаулықтары;  
г) бейтараптық қатынасты білдіретін мейлі,күй жалғаулықтары.  
Мұндағы  əр  топқа  бөлген  жалғаулықтардың  басын  біріктіретін  ортақ 
қасиеттерімен бірге, бір топқа жата тұрса да, олардың əрқайсысының тек өзіне ғана тəн 
ерекшеліктері де болады.  
Ол ерекшеліктер кейін сөз болады.  
Жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  құрмаластыру  қызметін  жоғарыда  аталган 
жалғаулықтармен  қатар,  жалғаулық  мəніде  қолданылатын  солай  бола  тұрса  да,  солай 
дегенмен де, сөйте тұрса да, олай дейтін себебі, бұлай дейтін себебі дегендер тəріздес 
тіркестері де аткарады.  
Шылаулардың  қай  түрі  болса  да,  жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  байланыстырып 
яғни  тек  дəнекерлік  қызметті  ғана  аткарып  қоймайды,  сонымен  бірге,  құрмаласып 
тұрған жай сөйлемдердің мағыналық қатынастарына да еоеулі əсерін тигізеді, олардың 
мағыналық  қатынастарын  айқындай,  күшейте  түседі.  Мысалы,  Дүниеде  түрме 
барын,оған жазықты адамдарды қамайтынын Хакім білетін, бірақ ешбір қылмысы жоқ 
жанды түрмеге отырғызатынын,оны айыптап, басына пəле жабатынын ол білмейтін.  
Жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  құрмаластыруда  жалғаулықтар  мен  демеулердің 
дəнекерлік  рольдерінің  дəрежесі  бірдей  емес.  Салаласа  құрмаласқан  сөйлемдердің 
көпшілігінде жалғаулықтар сөйлемді құмаластырушы негізгі тұлға болмайды, онсыз да 
бар  байланысты  күшейте  түсетін  көмекші  тұлға  болып  табылады.  Сондықтан 
жағаулықты  түрде  айтылған  кейбір  құрмаластарды,  құрмаластық  қасиетін  сақтай 
отырып, жалғаулықсыз түрде айтуға да болады. Мысалы: Оңайға қызығып кете ме деп 
қауіптеніп едім, бірақ олар барлаушыла əдетін бұзған жоқ.  
Ал  септеуліктер  арқылы  құрмаластыратын  сөйлемдер  мұндай  құбылысқа 
көнбейді.  Өйткені  септеуліктер  араласқан  сөйлемдерде  жай  сойлемдерді  бір-бірімен 
байланыстыру,  сол  аркылы  құрмалас  сөйлем  жасау  міндеті  түгелімен  септеуліктердің 
үлесіне тиеді. Сондықтан ондай сөйлемдерден септеулікті түсіріп айтсақ, құрмаластық 
бірлік  бүтіндей  жойылады.  Мысалы:  Осы  қылығы  есіне  түскен  сайын,  ол  өзінен  өзі 
қəтты  ұялатын.  Сенгені  жыл  құсындай  көріне  бастаған  соң,  Олжабектің  ойына  үміт 
дүниесі келіп орнады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет