қарап та байқауға болады; найзадай (қандай шоқы?), найзадай қадалды (қалай
қадалды?), жақсы бала (қандай бала?), жақсы сөйледі (қалай сөйледі?). Сөйтіп
пысықтауыштар көбінесе етістік баяндауыштарға қатысты болып, мезгілді, мекендік,
себеп-салдарлық т.б. мағынаны білдіреді.
Бір қатар авторлар пысықтауыштардың жанама толықтауыштармен шендес елетін
кейбір қасиеттеріне қарап,оларды сөйлемнің бес мүшесінің бірі деп есептелмей,
толықтауыш қатарына қосып қарайды. Кейде жанама толықтауыштардан
пысықтауыштардың жігін айыру өте қиын екені рас, бірақ солай екен деп
«пысықтауыш» деген сөйлем мүшесін жоққа шығару дұрыс болмайды.
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер- үстеу мəндес есімдер, сапалық
есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын
септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер.
Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай былай бөлінеді: мезгіл
пысықтауыш, мекен пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш, амал пысықтауыш.
Достарыңызбен бөлісу: