Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Толымды жəне толымсыз сөйлем



Pdf көрінісі
бет93/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі

Толымды жəне толымсыз сөйлем. Сөйлем арқылы хабарланатын ойға қатысты 
сөздер  кейде  түгел  айтылып,  кейде  олардың  кейбіреулері  ғана  айтылуы  мүмкін. 
Мысалы: Сырдың суы ышқынып ағады деген сөйлемде, ондағы ойға қатысты мүшелер 
түгел айтылған.  
Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем толымды болады да, ойға қатысты 
мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер иолымсыз болады.  
Толымсыз  сөйлемде  тұрлаулы  жəне  тұрлаусыз  мүшелердің  бірі  не  бірнешеуі 
түсіріліп  айтылуы  мүмкін  Бірақ  сол  түсірілген  мүшенің  қай  сөз  екені  алдыңғы 
сөйлемнен,  толымсыз  сөйлемдегі  басқа  мүшелердің  жалғауларынан,  сөйлемдердің, 
сөздердің өз ара қатысынан белгілі болып тұрады. Толымсыз сөйлемдер əсіресе сөйлеу 
тіліне, солай болғандықтан, диалогтысөйлемдерге тəн:  
Кім жазды?  
Слесарь Лапшин.   
Бұл  екі  сөйлемнің  алдыңғысында  не  жазғаны  айтылмаған.  Слесарь  Лапшин  деген 
сөйлемде  анықтауыш  пен  бастауыш  қана  айтылған.  Ал  баяндауыш  пен  тура 
толықтауыш  ерекше  айтылмаған.  Сонда  да  өз  ара  сөйлеуші  кісілерге  де,  оларды 
оқушыларға  да  əңгіме  не  жайында  болып  отырғанын  мына  үзіндіден  толық  аңғаруға 
болады.  
Өз  ара  беттесіп  сөйлескен  кісілер  арасындағы  тілдестік  қатынас  толымсыз 
сөйлемдерді  өзінен - өзі  түсінікті    етіп  тұрады.  Ондайда  сөйлемді  толымды  етіп  айту 
стильдік  қате  болады.  Диалогты  сөйлемдердің  əрқайсысы  жəне  оларға  берілетін 
комментарий сызықшамен айрылып жазылады.  
Дəметкен,  мынаны  қарашы…  ойбай-ау,  не  бетімді  айтайын,  мына  шіркін  шашын 
қырқып қойған ба? 
Көйлегін қара! 
Масқара!… 
Мына біреу жалаң аяқ қой… 
Тпа, бəлекет, өзіңмен кет! 
Жасы келдіңіз, Мейрам Омарович! Іздеп отыр едік, -деді Щербаков. 
Атаулы сөйлем. Енді бірқатар сойлемдер саралаған бастауыш пен баяндауыштан 
құралмай,  тек  бастауыш  ыңғайындағы  созден,  сөз  тіркестерінен  құралады.  Түн.  Клуб 
толы  адам.  Музыка.  Атаулы  сөйлемдер,  осындай,  жеке  сөзді  не  сөз  тіркесін  айрықша 
сөйлемдік интонациямен айту арқылы жасалады.  


 
 
Атаулы  сөйлемдердің  мазмұны  осы  шақтағы    болмысты,  құбылысты  білдірумен 
байланысты болады. Сондықтан олар өткен шақтағы оқиға, іс жайындағы ой болмайды, 
көбінесе мезгілді, айналамыздағы табиғат құбылыстарын, заттардың сол заттық бейнелі 
қалпын  айтуға  арналған  болады. Ондай  атаулы  сөйлемдер  көбінесе  көркем  əдебиетте, 
табиғаттың суреті ретінде қолданылады. Олар жазушының тіліне ықшамды, көркемдік 
нəр  беріп,  болмысты,  жаратылысты  суреттеудің  ерекше  стильдік  тəсілі  ретінде 
жұмсалады. Айдала. Көлдің биік қабағы. Əлсіз жел. Күн батып барады.  
Кейбір  авторлар  атаулы  сөйлемдер  қатарына  кітаптың,  мақаланың,  өлеңнің, 
əңгіме  завод-фабрикалардың  аттарын  да  жаткызады.  Ол  дұрыс  емес,  олар  кобінесе, 
жалқы есім, сөз тіркесі болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет