3. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағынасында да лепті
сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдердің ішінде кейде қандай, ғажап, неткен,
болғанда қандай, пай-пай, ай деген сөздер болады.
Жай сөйлемнің түрлері. Жақты сөйлем.
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз
екенін баяндауышпен ұластыра, атау септігінің сұрақтарын қою арқылы білуге болатын
сөйлем жақты сөйлем болады. Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін
белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Соңғылардың
жақтық тұлғаларына, мағыналарына дəлме-дəл үйлесімді болып айтылған бастауышы
бар сөйлем ғана жақты болады.
Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның қай
сөз екені айқын болып тұра береді. Ондай жақты сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп
айту мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
Ұзақ ойға қатысты болып, өз ара мағыналық байланыста айтылатын жеке
сөйлемдердің бастауышы бірінде болса, екіншісінде қайталақтанып айтылмай, соған
ортақтасып тұра береді. Сонда тізбектеліп қатар айтылатын бірнеше жай сөйлемнің не
құрылмас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бірінің бастауышы екінші
сөйлемге де бастауыш болып ортақтасады. Бидай тиеген эшелондар зыр қағып, темір
жолды қайқаң қақтырып, суыт кетіп барады.
Бастауыштың қай сөз екені баяндауыштық тұлғадан айкын болып тұрғанда,
əсіресе І-ІІ жақтық бастауыштар сөйлемде ерекше айтылмайды.
Отаным үшің аттанам.
Ақ семсерді қолға ала.
Өлеңімді өрлеттім,
Өрге құлаш серметтім.
Зарын айтып сорлының,
Қайғылыны еңіреттім
Өз бойыңа болып сақ,
Жан-жағыңа қараңдар.
Мен,сен, біз, сіз, ол деген бастауыштарға ерекше мəн беріліп, ой екпіні
түсірілгенде, олар сөйлемде ерекше айтылатын болады. Ондай бастауыштарды түсіріп
айтуға болмайды.
Сөйтіп, бастауыштың жақты сөйлемде дербес айтылу я айтылмауы
баяндауыштың тиісті предикаттық жалғауда тұру я тұрлауымен ғана байланысты емес,
бастауыштың сөйлемдегі қызметінің ерекше екендігімен де байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |