Одағай сөздер. Одағай дегеніміз кісінің сезімін, көңіл күйін, еркін білдіретін,
дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер.
Одағай сөздер не жеке сөйлем ретінде не сөйлем құрамындағы оқшау сөз
кызметінде жұмсалады: Уа, қой, деймін, бала! Мə-ə-ə, онысы несі?! Ей, Сапақ, сен
тиіспей жайыңа жүр!
Одағайлар мысалдардағыдай, сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланыста
болмайды жəне белгілі сөйлем мүшесінің қызметінде жұмсалмай, олардан оқшауланып,
өзгеше əунемен айтылып, басқа сөздерден бөлек тұрады. Ондай сөздерге «одағай» деп
ат қойылуы да осыдан. Сол айтылу ерекшелігіне қарай, жазуда олардан кейін леп
белгісі қойылады не болмаса сөйлемдегі басқа сөздерден үтірмен бөлінеді.
Одағайлардың мағыналары əр əлуан болады. Мысалы, пай-пай, па, алақай кісінің
жанға жайлы сезімін білдірсе, ойбай, ту-у, қап деген одағайлар кісінің қорқыныш -
өкінішін білдіреді. Осындай, кісінің түрлі эмоциялық көңіл күйін білдіретін бір одағай
түрлі мағынада жұмсала береді.