жойылады.Сонымен біоге, əр компоненттің формалық жəне интонациялық
ерекшеліктері де өзгереді.
Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты, құрмалас сөйлемдердің де өзіне
тəн қалыптасу, даму тарихы бар. Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден –
бір көрсеткіш - сөйлем. Сөйлемге «біршама аяқталған ойды білlіреді» деп, анықтама
беретініміздің себебі де сол. Сөйлем мен ой бірі форма, екіншісі соның мазмұны
ретінде өз ара тығыз байланыста, берік бірлікте болатын категориялар. Бұл екеуі де –
қоғамның өмір сүрген уақты бойына болып келе жатқан жəне сол қоғамның
материалдық, идеялық дамуына, соның қажетіне карай бірте – бірте дамып отыратын
қоғамдық құбылыс. Сойлем ойдың формасы, ой сөйлемнің мазмұны болғандықтан, бұл
екеуінің қалыптасу, даму тарихын да бірлікте қарау қажет. Ой дамып жетілмеген,
күрделенбеген замандарда күрделі ойдың көрсеткіші болып табылатын сөйлемдердің,
яғни құрмалас сөйлемдердің, болуы да мүмкін емес. Құралмас сөйлем адамның ой
өрісінің, дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып, дамуына байланысты, сол
ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған.
Тіл дамуының қазіргі дəуірінде тілдерде, солардың ішінде қазақ тілінде де,
құрмалас сөйлемнің неше алуан күрделі түрлері кездеседі. Бірақ солардың бəрі бірдей
белгілі бір уақыт ішіңде, бірден пайда бола қалмаған. Олар тілдің өзіндік ішкі даму
заңына лайықты бірте – бірте қалыптасып жетілген.
Жай сөйлемдердің бір – бірімен құрмаласу тəсілдері.
Жай сөйлемдері бір – бірімен ұштастырып, оларды бір бүтін етіп тұратын жəне
олардың арасындағы əр алувн мағыналық қарым – қатнастарды айқындайтын тəсілдер,
формалар түрлі – түрлі болады. Атап айтқанда, жай сөйлемдер бір – бірімен мынадай
тəсілдер арқылы құрмаласады:
а) құрмалас құрамына енетін жай сөйлемдердің бастапқысының баяндауышы
тиянақсыз формада айтылу арқылы;
ə)жай сөйлемдер арасында немесе жай сөйлемдер ішінде шылау я шылау мəнді
сөздер келу арқылы;
в) құрмалас сөйлем компоненттердің орнын тəртібі арқылы.
Енді осылардың əрқайсысына жеке – жеке тоқтайық.
Достарыңызбен бөлісу: