Графикалық
органайзер
білім, ұғым, ой, идея немесе көзқарасты білдіру үшін визуалды
таңбаларды қолданатын құрал. Графикалық органайзердің басты
мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету мақсатында визуалды көмек
ұсыну болып табылады.
Дарындылық
қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық –
өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты
дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов).
Жалпы дарындылық: салыстырмалы түрде кең және әмбебап
психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы. Арнайы
дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты,
жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді».
Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық
тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері
бір адамның бір салада, екіншісінің басқа салада дарынды
болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық деңгейімен
де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу –
психологияның маңызды міндеті.
Джигсо әдісі
ең алғаш Джигсо әдісін Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979)
әзірлеген. Бұл бойынша оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты
игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға
тартылады. Әр оқушы өз білімінің терең түсініп, басқаларға оны
үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген
сөз. Сонымен қатар, оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін
тыңдауды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |