Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет2/104
Дата28.05.2020
өлшемі1,59 Mb.
#71417
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
МАЗМҰНЫ 
КІРІСПЕ .............................................................................................................................................. 4 
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ............... 6 
ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ  ...... 9 
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 
ҚҰРЫЛЫМЫ ................................................................................................................................. 
.12 
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР ...................
..17 
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ЖОСПАРЛАУ............................................................................................................. 35 
ОҚУ ЖОСПАРЫ ........................................................................................................................... ...42 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ................................................................................................... 45 
ГЛОССАРИЙ ................................................................................................................................... 48 



КІРІСПЕ 
Мұғалімге арналған нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасында орта 
білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  «Информатика»  пәні  бойынша  педагог  кадрлардың 
біліктілігін  арттыру  курсының  білім  беру  бағдарламасы  (бұдан  әрі  -  Бағдарлама)  негізінде 
әзірленген әдістемелік оқу құралы болып табылады және біліктілікті арттыру курсында, сол 
сияқты  курстан  кейін  де  оқуға  арналған.  Бағдарлама  материалдары  Қазақстан 
Республикасының  жалпы  білім беретін  мектептеріне  арнап  әзірленген  «Информатика»  пәні 
бойынша  жаңартылған  жалпы  білім  беру  бағдарламасына  (бұдан  әрі  –  Пән  бойынша 
бағдарлама) және критериалды бағалау жүйесіне негізделген.  
Нұсқаулықта  Бағдарламаның  мақсаты  мен  міндеттері,  Бағдарламаны  іске  асырудан 
күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Информатика» пәні 
мұғалімдеріне  өз  сабақтарын  жоспарлап,  өткізуге  көмектесетін  болады.  Сонымен  қатар, 
мұғалімдерге ықшамсабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге 
және  оны  ой  елегінен  өткізіп,  рефлексия  жасауға,  сондай-ақ  оқушыларға  барынша  қолдау 
көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі. 
Нұсқаулық Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беру 
бағдарламасын жаңартудың өзектілігі, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде 
«Информатика»  пәнін  оқытуда  қолданылатын  педагогикалық  тәсілдер  мен  бағалау  әдістері 
туралы  ақпаратты  қамтиды.  Сонымен  қатар,  бұл  Нұсқаулықта  Бағдарлама  аясында 
қарастырылатын  теорияны  мұғалім  өз  тәжірибесінде  қалай  қолдана  алатындығы  туралы 
тәжірибелік кеңестер ұсынылған. 
«Информатика» пәні бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының ұзақтығы 
10  күн,  әр  күн  ұзақтығы  2  академиялық  сағаттық  төрт  сабақтан  тұрады.  Сабақтардың 
тақырыптары оқу жоспарында қамтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет