Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ


Жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі



Pdf көрінісі
бет9/104
Дата28.05.2020
өлшемі1,59 Mb.
#71417
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104
Жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі 
Жоғары  көрсеткіштерге  жеткен  білім  беру  жүйелеріне  жасалған  талдау  білім  беру 
бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса 
маңызды  болып  табылатынын  көрсетіп  отыр  (Schmidt  and  Prawat,  2006).  Білім  беру 
бағдарламасын  жаңарту  тұрғысынан  «үйлесімділік»  білім  беру  бағдарламасы  қалай 
қабылданып,  қалай  іс  жүзінде  орындалатынына  қатысы  бар  барлық  компоненттер  бірлесіп 
әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, жалпы 
білім  беру  бағдарламасының  мазмұны,  педагогикалық  тәсілдер  және  бағалау  тәсілдері  бір 
мақсатқа жұмылдырылуы тиіс (Roach et al., 2008). Мұны төмендегі сызбадан көруге болады: 
 
1-сурет. Білім беру бағдарламасының үйлесімділігі 


11 
Бұл  жалпы  білім  беру  бағдарламасы  мен  бағалау  модельдері  әзірленетін  жүйе 
деңгейінде  ғана  емес,  әр  сыныпта,  әр  сабақта  қолданылады.  Мұғалімдер  өздерінің  оқыту 
қызметі  білім  беру  бағдарламасының  іске  асырылуына  қолдау  көрсететініне,  ал  бағалау 
оқушыларға  қажетті  ақпаратты  жеткізуге  және  олардың  жетістіктеріне  қолдау  көрсетуге 
көмектесетініне  сенімді  болуы  керек.  Бұл  мұғалімдердің  тиімді  оқытудың  түйінді  үш 
компоненті  –  білім  беру  бағдарламасы,  педагогикалық  тәсілдер  мен  бағалау  жүйесінің 
оқушылар  үшін  бірлесіп  қалай  тиімді  қолданылатынын  толық  түйсінуінің  маңызды  болып 
табылатынына назар аудартады. 
  
 
 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет