Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ


«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ



Pdf көрінісі
бет10/104
Дата28.05.2020
өлшемі1,59 Mb.
#71417
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   104
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ 
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
Ақпараттық  технологиялар  адам  қызметінің  барлық  салаларына  енуімен  қоса  біздің 
күнделікті  өміріміздің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Ақпараттық  технологияларды 
қолдану сандық түрлерде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу процесін 
тездетеді  және  жеңілдетеді.  Көптеген  елдерде  білім  берудің  басым  бағыттарының  бірі  –
оқушылардың  компьютер  сауаттылықтарын  қалыптастыру  болып  табылады.  Егер  бір 
жағынан,  бұл  құзыреттіліктерді  меңгеру  уақыттың  талабы  болса,  екінші  жағынан,  әртүрлі 
білім салаларымен кіріктіру үшін ресурстар мен техникалық құралдарды ұсына отырып, басқа 
да  оқу  пәндерін  оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  жаңа  құрал  ретінде 
пайдаланылады.  
«Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл 
бөлімдер дағды немесе тақырып, білім немесе түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. 
Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше 
аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын 
жоспарлап, оқушыларды бағалап және алдағы уақытта олардың қандай шешім қабылдаулары 
қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады. Сонымен қатар, «Информатика» 
пәні бойынша оқу бағдарламасына негіз болған маңызды қағидат білім беру бағдарламасының 
спиральділік қағидаты болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет