Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет45/104
Дата28.05.2020
өлшемі1,59 Mb.
#71417
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104
Оқу үдемелілігі 
танымдық психологияда, оқу үдемелілігі адам қабілетіне қатысты 
ұғым,  себебі  бұл  саналы  жүретін  және  адамның  еркінен  тыс 
жүретін  оқудың,  сондай-ақ  жаттығулардың  ықпалдасуы.  Оқу 
үдемелілігінде  күрделілік  деңгейі  біртіндеп  артып  отырады: 
қарапайым  тапсырмалардан  басталып,  әр  қадам  сайын 
тапсырмалар күрделене береді. 
Рефлексия 
кең  ауқымды  пәнаралық  ұғым.  Ол  баға  мен  сынның  көмегімен 
түсіну мен білімді дамытуға көмектесу үшін, іс-әрекеттерге қарай 
отырып, 
үдерісті 
мұқият 
сипаттайды. 
Әдетте, 
дербес 
құрылымдарды  (құндылықтар,  қызығушылықтар,  дәлелдер), 
ойлауды, проблемалардың шешімін, эмоциялық реакцияны, мінез-
құлықты  және  т.б.  қамтитын  жеке  танымның  мазмұны  мен 
қызметтері.  
П.Тейяр  де  Шарденнің  пікірінше,  рефлексия  арқылы  өздерін 
жануарлардан айрықшалайтын адамдар өздеріне назар аударып, 
өзі туралы көп нәрсе біле алады, біліп қана қоймай, өзінің білетінін 
түсіне де алады.  
Кассирер  бойынша,  рефлексия  –  бұл  сараланбаған  сезімдердің 
ағынынан  барынша  нақты  элементтерді  ажырату,  оларды 
оқшаулау және оларға назарын шоғырландыру қабілеті.  
Рефлексиямен  шұғылданған  алғашқы  психологтердің  бірі 
А.Буземан болды (1925-1926), ол рефлексияяға  «тәжірибенің кез 
келген түрін сырттан қабылдау» деген анықтама берді.  
Психологиялық  зерттеуде  рефлексияны  бірнеше  тұрғыдан 
қарастыруға  болады:  зерттеулердің  негіздері  мен  нәтижелерін 
қабылдау тәсілі ретінде; заттың негізгі қасиеті ретінде; осылардың 
арқасында өмірді зейнімен қабылдап, реттеуге болады. 
Саралау 
оқушылардың  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан  ойлау 
дағдыларын  дамытуға,  оқуға  ынталандырудың  басқа  да 
амалдарын 
табуға 
мүмкіндік 
береді, 
жеке 
тұлғалық 
шығармашылықты дамытуға септігін тигізеді. 


52 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет