Тұрақты толық еңбекке жарамсыздық – бұл қалыпты өндіріс
жағдайында қызмет атқара алмауы. Бұл 1 және 2 топ мүгедектері. Бірақ қазіргі
замаңғы тұжырымдамаға сәйкес аурудың салдары мен мүгедекті анықтаудың
қазіргі замаңғы критерилері, тұрақты толық еңбек етуге жарамсыздық – бұл
ауру және жарақат салдарынан, туа пайда болған ақаулармен түсіндірілетін
тыныс-тіршілік қызметінің шұғыл шектеулігі, ол білім ала алмауы, қарым –
қатынас жасай алмауы, бейімделе алмауы, өз мінез құлқын бақылай алмауы,
қозғалыс жасай алмауы және еңбек қызметіне қатыса алмауы салдарынан
айқын байқалатын әлеуметтік бейімсізденуге алып келеді. 1 топ мүгедектері
үшін көрсетілген бұзылыстар басқа жандардың көмегіне мұқтаждығын
анықтайды. 2 топ мүгедектері үшін жоғарыда көрсетілген тыныс – тіршіліктің
елеулі шектеулігі кезінде еңбек ету тек қана арнайы жасалынған жағдайында
ғана мүмкін.