Кәсіби еңбек қабілеттілік - жұмыскердің белгілі бір көлемде сапалы
және біліктілікті жұмысты атқара алуы.
Алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету – қоғам, адам
және отбасы деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер
кешенімен бірге тәулік бойы медициналық бақылауынсыз, дәрігерге дейінгі
немесе білікті медициналық көмектің түрі.
Мүгедек бала – тыныс-тіршіліктің шектелуіне алып келетін ауру немесе
жарақат салдарымен сипатталатын ақаулар және оны әлеуметтік қорғауды
қажет ететін, денсаулығында ағза қызметінің тұрақты бұзылысы бар 18 жасқа
дейінгі тұлғалар.
Оңалту – қызметтің ұтымды болуын физикалық, интеллектуалды,
психикалық және әлеуметтік деңгейге жетуін және оны қолдауын, олардың
өмірін өзгерту үшін жабдықтарды ұсыну және тәуелсіздігінің шекарасын
кеңейтуге бағытталған мүгедектерге көмек көрсету мақсатымен жүргізілген
үрдіс.