46
екінші дәреже – уәждеменің едәуір төмендеуіне немесе ағзаның негізгі
жүйелерінің айқын қызметтік жеткіліксіздігіне немесе соматикалық
денсаулықтың бұзылуына орай танымдық және ойын қызметін нәтижелі
жүзеге асырудың мүмкін болмауы. Орнын толтыру құралдары мен түзеу
әдістерін қолданудың тиімсіздігі;
үшінші дәреже – ойын қызметіне қабілетінің болмауы немесе өте айқын
төмендеуі және басқа адамдарға толық тәуелділік;
9) қозғалыс белсенділігіне қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – жүру ұзақтығының қысқаруы және сапасының
нашарлауы, өздігінен жүріп-тұруға жалпы қабілетінің сақталуы кезінде
қарапайым орнын толтыру құралдарын немесе тіректі пайдалану, жекелеген
қозғалу актілерін орындау немесе жасына қарай көзделген қашықтықты
еңсеру кезінде тұрақты көмекті пайдалану аясында еңсеретін қашықтық
алыстығының азаюы. Ұсақ манипулятивтік қозғалыстардың дамуы екі
эпикриздік мерзімге артта қалған. Дене жағдайын ұстау қабілетінің төмендеуі
қосымша фиксация құралдарын пайдалану қажеттілігінсіз қозғалу тәртібінің
сақталуын талап етеді;
екінші дәреже – жүру арқылы қашықтыққа қозғалыстың көмекші
құралдар орнын толтыра алмайтындай бұзылуы. Қозғалыс кезінде ересектер
тарапынан тұрақты көмек қажет. Денені белгілі бір жағдайда ұстап тұру
қабілетінің шектелуі фиксацияның, түзеудің әдістері мен т.б. қосымша
тәсілдерін талап етеді. Тепе-тең қозғалу сапасының өте айқын төмендеуі мен
санының азаюы, манипулятивтік қозғалыс дамуының айқын бұзылушылығы
байқалады;
үшінші дәреже – кеңістікте қозғалу, дене жағдайын сақтау мен
манипулятивтік қызмет қабілетінің өте айқын шектелуі немесе толық
болмауы. Қозғалыс қызметін сырттан тұрақты күтіммен немесе көлік құралын
(кресло-арба) пайдалану есебінен толық ауыстыру, сондай-ақ толық көлемдегі
тұрақты қосымша күтім қажет.
Достарыңызбен бөлісу: