Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


  Оның  негізінде  мүгедектік  2  жыл  мерзімге  белгіленетін



Pdf көрінісі
бет61/96
Дата03.06.2020
өлшемі1,25 Mb.
#72226
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   96
Байланысты:
Әлиханова Мүгедектерді медициналық-әлеуметтік

2.  Оның  негізінде  мүгедектік  2  жыл  мерзімге  белгіленетін 
функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер. 
Бұл  топқа  қалпына  келтіру  немесе  жақсарту  біраз  уақыт  аралығында 
қажет ететін немесе болжамы белгісіз патологиялық жай-күйлер енеді: 
1) сөйлеу, көру, есту қабілеттерінің бұзылуымен немесе оларсыз жүріп-
тұруымен  ұштастырылатын  біркелкі  білінетін  тұрақты  бұзылуы  (бір  немесе 


55
 
бірнеше  буынның  парезі,  плегиялары,  тұрақты  гиперкинездер,  қимыл 
үйлесімінің бұзылуы және т.б.); 
2) сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылуы (алалия, афазия, түзеуге келмейтін 
түрі), дизартрия мен кекештенудің ауыр түрі; 
3)  омыртқа  жұлынының  зақымдануынан  болған  жамбас  мүшелерінің 
қызметінің білінетін бұзылуы; 
4) тұрақты терапевтік резистентті эпилептиформалық жай-күйлер (айына 
1 және одан да көп ұстамасы болатын), жиі болатын шағын және тырыспасыз 
ұстамалар (аптасына 2-3 рет); 
5)  ұзақтығы  6  айға  және  одан  да  ұзаққа  созылатын  созылмалы 
психопатиялық жай-күйлер; 
6)  есту,  көру,  сөйлеу,  жүріп-тұру  аппаратының,  басқа  да  органдардың 
немесе жүйелер қызметтері мен мінез-құлықтың патологиялық нысандарымен 
ұштасатын жеңіл ақыл-ой кемістігі; 
7)  тұрақты  әлеуметтік  бейімсізденуге  әкеп  соқтыратын  мінез-құлық 
патологиясы, эмоционалдық-жігер аясының бұзылуы; 
8) жақсырақ көретін көздің көру қабілетінің (түзетумен) 0,19 қоса алғанға 
дейін  төмендеуі  немесе  жақсырақ  көретін  көздің  көру  өрісінің  шоғырлану 
нүктесінен барлық бағыттарда 25 градусқа дейін тарылуы; 
9) есту қызметтерінің болмауы (ІІI (56-70 дБ) – IV (71-90 дБ) дәрежедегі 
екі жақты құлақ мүкістігі); 
10)  туа  біткен  немесе  пайда  болған  кеңірдек,  көмекей  ауруларының 
салдарынан трахеотомикалық түтіксіз өздігінен дем ала алмауы; 
11) ауырлығы орта дәрежедегі бронхиалды ентікпе; 
12
)  асқазан-ішек  жолдары,  бауыр  және  өт  жолдары  аурулары,  мертігу 
(жаралану,  жарақаттану,  контузия)  мен  даму  ақаулары  кезіндегі  ас  қорыту 
ағза қызметтерінің тұрақты білінетін бұзылуы; 
13)  белгілі  бір  жасқа  дейін  оперативтік  емдеуге  болмайтын  жүрек 
кемістігі, I-ІІ дәрежедегі жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен асқынған ірі 
қан тамырлары дамуының кемістіктері; 
14) I-
II  дәрежедегі  жүрек  қызметінің  тұрақты  жеткіліксіздігі,  айқын 
білінетін  созылмалы  гипоксемия,  жүрек  қызметінің  бұзылуына  байланысты, 
оның  ішінде  кардиостимулятор  орнатылғаннан  кейінгі  синкопальдік  жай-
күйлер; 
15) бүйрек қызметінің айқын білінетін тұрақты бұзылуы, бүйрек тініндегi 
патологиялық үдеріс белсенділігінің жоғары дәрежесі; 
16) терінің және (немесе) шырышты қабықтың қимыл белсенділігінің өте 
айқын  шектелуіне  және  әлеуметтік  бейімсізденуге  әкеп  соғатын  ауқымды 
зақымдануы (жара болу, эритродермия, айқын қышыну, тыртықтардың пайда 
болуына байланысты өзгерістер, папилломатоз және басқалары); 
17)  туа  біткен  немесе  тұқым  қуалайтын  қан  аурулары  кезіндегі 
гемоглобиннің бір литрге 100 граммнан (бұдан әрi – л/г) кем болып төмендей 
отырып, жылына бір реттен артық болатын анемиялық криздер; 
18) қатерсіз ісіктің салдарынан болған ағза қызметтерінің айқын бұзылуы 
және (немесе) айқын білінетін косметикалық кемістік; 


56
 
19)  тірек-қозғалыс  қызметтерінің  айқын  бұзылуы  бар  жамбас  пен  сан 
буындарының туа біткен немесе кейіннен шығып кетуі; 
20) 
ағза  қызметтерінің  біркелкі  білінетін  бұзылуы  бар  органдардың 
немесе жүйелердің туберкулезі; 
21) инсулинотерапия аясында немесе помпа арқылы инсулин алушылар, 
оның  ішінде  микротамырлық  асқынулардың  (пролиферативті  емес 
ретинопатия,  микроальбуминурия  сатысындағы  нефропатия,  сезімталдықтың 
бұзылуымен  полинейропатия)  ерте  сатылары  бар  алғаш  анықталған  1-типті 
қант диабеті; 
22) 
терапияға  резистенттік  белгілері  бар  және  микротамырлық 
асқынулардың  (пролиферативті  емес  ретинопатия,  микроальбуминурия 
сатысындағы нефропатия, сезімталдықтың бұзылуымен полинейропатия) ерте 
сатылары  бар  2-типті  қант  диабеті  (оның  ішінде  МОDY),  қант  диабетінің 
басқа қайталама типтері; 
23)  қалпына  келтіру  және  негізгі  емдеу  әдісін  таңдау  кезеңіне  ауыр 
дәрежелі тиреотоксикоз белгілері бар диффузды уытты жемсау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет