4.
Мүгедектік он алты жасқа толғанға дейінгі мерзімге белгіленетін
қызметтік өзгерістер мен патологиялық жай-күйлері.
Тыныс тіршіліктің тұрақты шектелуі, ағза қызметтерінің сауығу немесе
едәуір жақсару деректері жоқ, тіршілік әрекетінің үдемелі шектелуі, емдеу
мен оңалту іс-шараларының болжамды болашағы болмайтын кезде балаға он
алты жасқа толғанға дейінгi мүгедектік белгіленеді:
1) бір немесе бірнеше буынның біркелкі білініп және айқын білініп сал
болуы немесе терең парезі, тұрақты жайылған гиперкинезi (қос атетоз,
хореоатетоз секілді), қимыл үйлесімінің білінетін бұзылуы;
2) екі және одан да көп жылдар бойы орын алатын терапевтік резистентті
тырыспалар (айына 3-4 рет және одан да көбірек);
3)
ақыл-ой кемістігі ауыр немесе терең және оларға сәйкес келетін
әртүрлі генездегі ақыл ой кемістік дәрежесі;
4) кереңдік (90 дБ астам), керең-мылқаулық;
5) жұлынның зақымдануына байланысты жамбас органдары қызметінің
тұрақты бұзылуы, түзетуге келмейтін ішек және қуық-жыныс жолдарындағы
жыланкөз жаралары;
6) тыныс қызметінің айқын бұзылуы бар туа біткен және тұқым
қуалайтын қолқа-өкпе жүйесінің зақымдануы (муковисцидоз, асқынған
альвеолиттер және өкпенің басқа да жайылмалы аурулары);
7) пайда болған және туа біткен сипаттағы созылмалы бронхиалды-өкпе
аурулары кезіндегі ІІ және одан да жоғары дәрежедегі тыныстың тұрақты
тарылуы, ентікпелі ұстаманың қалыптасуы және жүрек-тамыр, орталық жүйке
жүйесінің бұзылуы кезінде, бүйрек бездерінің созылмалы жеткіліксіздігіне
әкеп соқтыратын гормондарға тәуелді бронхиалды ентікпе;
8) жүректің инкурабельді фонындағы ауруларының II-III дәрежедегі
тұраланған жүрек кемістігі;
9) туа біткен, тұқым қуалайтын, кейіннен пайда болған ауруларға
байланысты бауыр қызметінің қайтымсыз айқын бұзылуы;
10) бүйрек қызметінің созылмалы жетіспеушілігі, қатерлі гипертония,
бүйректің асқынған қантсыз диабеті;
11) инкурабельді қатерлі ісіктер;
12)
ағза қызметтерінің бұзылған жағдайда, хирургиялық әдіспен емдеуге
келмейтін қатерсіз ісіктер;
13)
ағза қызметтерінің айқын білініп бұзылуына әкеп соғатын органдар
мен жүйелердің болмауы (туа біткен немесе кейін пайда болған) немесе
дамуы айқын жетілмеген кезде туындайтын патологиялық жай-күй;
14) аяқ-қолдың бір немесе бірнеше буынының деңгейіне қарамастан
келте болуы;
15) өз еркімен жүріп-тұру немесе өзін өзі күту қабілетінің өте айқын
шектелуі кезінде анкилоздарға, контрактураларға, патологиялық сынуға,
58
сүйектің қисаюына әкеп соғатын қанқа сүйектерінің жүйелі зақымдануы және
тірек-қозғалыс аппаратының дамуындағы ақаулар;
16) ішкі секреция қызметтерінің жетіспеушілігі салдарынан ағза
қызметтерінің айқын білініп бұзылуы: қалпына келмейтін кейінгі тамырлы
асқынуларымен дамыған (препролиферативті және пролиферативті
ретинопатия, III дәрежедегі нефропатия, қайталама асқынуларымен және
қалпына келмейтін бұзылулармен перифериялық, автономиялық немесе
ауырсынатын түрдегі нейропатия, «диабеттік аяқ басы» синдромы) қант
диабетінің барлық түрлері, қантсыз диабет (питуитрин-резистентті түрі),
гипофиздің гармоналды белсенді ісіктері (гигантизм, Иценко-Кушинг ауруы,
пролактинома), туа біткен, пайда болған, оның ішінде отадан кейінгі,
гипопитуитаризм,
саматотропинмен
емдеуге
рефрактелік
кезінде
гипофизарлы нанизм; бүйрек безінің созылмалы жеткіліксіздігі (Аддисон
ауруы, адреналэктомиядан кейінгі жағдай, бүйрек безінің туа біткен
дисфункциясы), туа біткен немесе пайда болған гипотиреоздың ауыр түрі, туа
біткен немесе кейіннен пайда болған гиперпаратиреоз және гипопаратиреоз,
хромасомды аномалияның салдарынан туа біткен жыныстық жіктеудің
бұзылуы;
1
7) созылмалы лейкоз, гистиоцитоз;
18) қан өндірудің орташа және ауыр дәрежедегі туа біткен және кейіннен
пайда болған гипо- және апластикалық жай-күйлері (гемоглобин 100 г/л
төмен, тромбоциттер 1 куб миллиметрде (бұдан әрi - 1 куб.мм) 100 мыңнан
төмен, лейкоциттер 1 куб. мм 4 мың. кем;
19) коагулопатия мен тромбопатияның ауыр түрлері, ауыр
геморрагиялық криздер үздіксіз қайталанып отыратын созылмалы
тромбоцитопеникалық пурпура (қандағы тромбоциттер саны 50 мың және 1
куб. мм-ден кем);
20) алғашқы иммундық тапшылық жағдайы. Ауыр аралас иммундық
жеткіліксіздік,
агамма-
және
гипогаммаглобулинемия,
лимфа
байланыстарының, өкпенің, бауырдың, басқа да мүшелерінің бактериямен
зақымдалуын тудыратын септикалық гранулематоз;
21) қан сарысуындағы Е иммунноглобулиннің бір литрде 1000 КЕД
артық концентрациясымен терi асты клетчаткаларының, өкпенiң, бауырдың
және басқа да мүшелерінің көбiне «салқын» абсцестерiн тудыратын Е
гипериммунноглобулинемия синдромы;
22) пайда болған иммунитет тапшылығы, адамның туа біткен иммундық
тапшылық жай-күйлерінің айқын көрінісі;
23) туа біткен және пайда болған анофтальм, бір көздің немесе екі көздің
толық көрмеуі.
Мүгедектік себептері, 7 және 8т. тізбектелген тұжырымдамада
көрсетілген уәкілетті мүшесімен оның себебін анықтау-тергеулік байланыс
қатаң сәйкестігімен шығарылады. Егер куәландырған адам МӘС өткізу
қағидасының 9 тармағындағы 5), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында
көрсетілген, себеп-тергеу байланысын анықтағанда, МӘС бөлімшелеріне
59
қажетті құжаттарды тапсырғандағы күні мүгедектіліктің себебін өзгерту күні
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |