Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


 Өзін-өзі танудың  аксиологиялық негіздері



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата06.06.2020
өлшемі1,12 Mb.
#72499
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
kn-teor-2

1.4 Өзін-өзі танудың  аксиологиялық негіздері. 

Құндылық  бұл  адам  үшін  өте  маңызды  заттармен  құбылыстар, 

қасиеттермен жай-күйлер. 

Жеке адамның барлық құндылықтар белгілі бір деңгейде ирархияланған. 

Жеке  адам  үшін  осы  айтылған  құндылықтардың  бірінің  маңызы  жоғары 

болса, екіншісінің маңызы аз болуы мүмкін. 

Рухани деңгей 

(интуиция, ар ождан, шабыт) 



Ажырата білу деңгейі 

ақиқат                                                 (сана, сезім, интеллект) 



Ментальді деңгей 

ақиқат, тыныштық                             (ақыл, әсер алу) 



Эмоциональды деңгей 

тыныштық                                              (сезім)      түпкі сана 



Тәндік деңгей 

дұрыс әрекет           (физикалық)             (сезім мүшелері) 

 



28 

 

Құндылықтар  ирархиясы  жеке  саласында  мәңгілік  тұрақтап  қалмайды. 



(өмір ағымы барысында өзгеріп отырады). 

Т.И.Петракова  (д.пед.наук.профессор  МПедМУ)  ұсынған  құндылықтар 

жүйесінің  жүктемесі  оларды  үш  түрге  бөліп  қарастыруды  көздейді:  табиғи, 

жүре пайда болған және абсолюттік.  

Табиғи  құндылықтар  –  бұл  адамның  күші  мен  жан  дүниесінің 

қабілеттілігі  құндылықтары:  яғни  ақыл  –  ой,  сезім,  күш-жігер  (ақылдың 

айқындығы,  ойдың  ұшқырлығы,  сезімнің  тазалығы,  естің  сенімділігі,  күш-

жігердің қайраттылығы)  

Жүре  пайда  болған  құндылықтар  –  бұл  адамның  интеллектуалды  және 

адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, 

сыпайылық, 

сыйластық 

жанашырлық, 

кеңпейілділік, 

ақкөңілділік, 

сабырлылық және т.б)  

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, 

ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор 

құндылықтар 

Абсолюттік  (мәңгілік)  жалпыадамзаттық  құндылықтар  тұлғаға  рухани-

адамгершілік  білім  берудің  негізгі  өзегі  болып  табылады.Мәңгілік 

жалпыадамзаттық  құндылықтар  табиғи  және  жүре  пайда  болған 

құндылықтарды  да  қамтиды.  Өйткені  жалпыадамзаттық  құндылықтар 

тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады.  

Мәңгілік  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  жарыққа  шығару  ізгілікке 

жол  ашады.  Абсолютті  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  оқыту  үдерісіне 

енгізу  адамның  ізгілікті  қасиеттерін  ашуға,  оның  рухани  дамуына  ықпал 

етеді. 


Негізгі  бес  абсолюттік  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  атап  айтар 

болсақ:  ақиқат,  сүйіспеншілік,  дұрыс  әрекет,  ішкі  тыныштық,  қиянат 

жасамау. 

1.  АҚИҚАТ  деп  –  адамның  объективтік  өмір  шындығын  дұрыс,  дәл 

бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады. 

2.СҮЙІСПЕНШІЛІК 

Сүйіспеншілік  –  дүниені  өзгертуге  бейім,  өмір  беруші  және  демеуші 

қуатты энергия. 

3. ДҰРЫС ӘРЕКЕТ 

Дұрыс  әрекет  - жүректен  шығып,  сосын  сөз ретінде бейнеленетін  және 

іс-жүзінде қолданылатын құндылық. 

4. ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ 

Адам  ақиқатты,  сүйіспеншілік  пен  дұрыс  әрекет  істегенде  ғана  жан 

тыныштығын табады. 

5.ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ 

Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру. 

Егер  осы  құндылықтарды  ағашқа  теңеп  көрсек,  ағаштың  тамыры  – 

мәңгілік  құндылықтар,  оны  ақиқатқа  теңейміз.  Ағашқа  құятын  суды, 




29 

 

сүйіспеншілік  деп  алайық.  Егер  мәңгілік  құндылықтарды,  ақиқатты, 



сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады. Яғни, 

ағаштың  діңі  түзу  өседі.  Әрекетіміз  дұрыс  болса,  ішімізде  тыныштық 

орнайды.  Яғни,  ағаш  бүршік  жарады.  Ішімізде  тыныштық  орнаса,  біз 

ешқашан  қиянат  жасамаймыз,  тіпті  ойламаймыз  да.  Яғни  ағаш  жемісін 

береді.  Ақиқат,  сүйіспеншілік,  дұрыс  әрекет,  ішкі  тыныштық,  қиянат 

жасамау  -  бұл  мәңгілік  бес  құндылық  адамның  ұлтына,  нәсіліне,  ортасына, 

дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  

Ақиқат  –  таным  теориясының  негізгі  категориясы,  адам  ойының  өмір 

шындығымен  сәйкестілігі.  Ақиқат  —  танушы  кісінің  объектіні  дұрыс,  дәл 

бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында 

көрсетуі.  Ақиқат  категориясы  білімнің  затқа  сәйкес  келуін  ғана  емес, 

танымдық  қызмет  тәсілін  де  сипаттайды.  Объективті  ақиқат  —  білімінің 

адамға да,  адамзатқа  да  тәуелсіз  мазмұны.  Ақиқат  —  салыстырмалы, себебі 

ол  ішкі  қайшылықта  үнемі  дамып,  толықтырылып,  тереңдетіліп,  түзетіліп 

отыратын  процесс.  Абсолюттік  ақиқат  —  затты  толық  сипаттайтын,  таным 

дамуында  теріске  шығарылуы  мүмкін  емес  мызғымас  ілім.  Салыстырмалы 

ақиқат  пен  абсолюттік  ақиқат  диалектик.  байланыста.  Салыстырмалы 

ақиқатта  абсолюттік  ақиқаттың  ұшқыны  бар,  ал  абсолюттік  ақиқат 

салыстырмалы  ақиқаттың  жиынтығы  (қ.  Абсолютті  және  салыстырмалы 

ақиқат) негізінде құралады. 

Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит 

“табиғат  өз  сырын  жасыруды  жақсы  көреді”  деген  еді.  Демокрит  ақиқатты 

тану  жолындағы  “сезімдік  тану  ақпарат  беру  қызметін  ғана  атқарады,  тек 

ақыл-ой  араласқанда  ғана  ол  өз  дәрежесіне  көтеріледі”  деп  білді. 

Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде 

шешіледі.  Практика  —  ақиқаттың  өлшеуіші,  яғни  ол  дүние  туралы  біздің 

таным-білімдеріміздің  ақиқаттығын  дәлелдейді.  Ақиқатты  таным-білім  мен 

өмір  шындығының  сәйкестілігі  ретінде  түсіну  (корреспонденциялық 

принцип)  ерте  заман  өкілдерінен,  мысалы,  Аристотельден  басталады  да, 

Жаңа  дәуір  философиясында,  Бэкон,  Спиноза,  Дидро,  Гольбахтардың 

ілімдерінде  одан  әрі  өз  жалғасын  табады.  Платонның  ұғынуында  ақиқат  — 

идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады. 

Абсолютті  және  салыстырмалы  ақиқат  —  танымның  даму  процесін 

бейнелейтін  категория.  Ол  бұған  дейін  танылған  және  алда  танылатын 

нәрселердің,  сондай-ақ  келешекте  бізді  таным-түсінігімізде  өзгеріске 

ұшырауы мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың ара-қатынасын 

айқындайды.  Болмыс  пен  ойлау  заңдылықтарының  өзара  сәйкестілігін 

көрсетеді.  Демек,  аиқаттың  өзі  де  дамуға  байланысты  өзгеріп,  түрленетін 

салыстырмалы  категория  болып  табылады.  Сонымен  қатар  салыстырмалы 

ақиқат абсолютті ақиқатты танудың құрамдас бөлігі де. Егер салыстырмалы 

ақиқат  ғылыми  сипатта  болса,  оның  құрамында  ақиқаттың  белгілері  де 

болмақ.  Яғни,  абсолют  ақиқат  салыстырмалы  ақиқаттың  жиынтық  көрінісі 




30 

 

де. Салыстырмалы ақиқат болмыстың шартты, өзгермелі, уақытша, қайсыбір 



жағдайда  тәуелді  кезеңдік  қырларын  бейнелейтін  болса  да,  ол  әрбір 

құбылыстың мазмұн-мағынасын, құндылық қасиетін, сипаты мен қолданылу 

аясын  ой  елегінен  өткізу,  зерделеу,  саралау  барысында  қалыптасып, 

қабылданады.  Салыстырмалы  ақиқат  таным-білімді  болмыс  шындығына 

жақындатып,  тарихи  жағдайларға  үйлесімділікті  арттырады,  жалпыға  ортақ 

идеяларды,  абсолют  мұраларды  іздестіруге  ұмтылдырады.  Абсолютті  және 

салыстырмалы  ақиқат  тіршілік  көріністерінің  қарама-қарсы  жақтарымен 

қатар, олардың сәйкесті бірлігін де қамтиды. Екеуі де объективті мазмұнды 

бейнелейді,  нақты  білімді  толықтырады.  Салыстырмалы  ақиқат  объектіні 

біртұтас  толық  күйінде  емес,  белгілі  бір  жағдай,  қатынас  шеңберінде 

бейнелейді  де,  осы  салыстырмалы  кезеңдерден  абсолют  ақиқат  құралады 

және  көрініс  табады.  Абсолют  ақиқат  ойды  тұтас,  шындыққа  неғұрлым 

жақын  сипаттайды.  Абсолютті  және  салыстырмалы  ақиқат  ғылыми  таным-

түсініктерді  бұлжымайтын  қағидаға  айналдырудан  сақтандырады,  білімнің 

даму сабақтастығына жол ашады, зерде-зейінді әлемдік өзара байланыстарды 

тануға шоғырландырады. 

Ақиқат дінде құдаймен  (хақ  тағаламен)  байланыстырылады.  Бұл  сөздің 

өзі  де  (арабша  “һәққ”  —  шындық;  әділдік;  парыз;  міндет);  құдай  мәнін 

білдіретін  түбір  сөзден  туындаған  (“һәқиқат”).  Йасауи  мазһабы  (жолы)  өзі 

“қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек 

сана-сезіммен  танылатын  Йасауи  мазһабының  теориялық  білім  жүйесін 

қамтыды.  Бұл  ілім  бойынша  адам  жаратушы  хақ  тағаланың  тұтастық 

ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу 

(фәнә),  бірігу  (таухид)  мақсатында  адамның  өмір  мәні  белгіленді.  Адам 

хақтың  бір  бөлшегі  ретінде  рухани  және  өтпелі  кезеңге  тән  нәпсілік 

қасиеттердің  басын  біріктіргендіктен,  азапты  сынақтан  өтіп,  абсолютті 

кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән  азабын кешу арқылы нәпсілік 

қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ 

дидарын  көріп,  ақиқат  мәнін  түсіне  алады.  Йасауи  мазһабының  “хал”  ілімі 

хақ  жолындағы  белгі,  нышандарды  танытатын  амал-әрекеттер  жиынтығын 

қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — 

тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің 

мағынасын  құдайға  деген  махаббат  арқылы  сезінуге  көңіл  бөлінді.  Хақ 

жолындағы  адам  белгіленген  тәртіппен  шариғат  —  жабарут,  тарихат  — 

малакут,  мағрифат  —  лахут,  хақиқат  —  насут  шеңберін  айналып  өткенде 

хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін 

белгілейді,  бұл  лахут-насут  арақатынасын  теңестіруден  көрінеді.  Йасауи 

мектебі  дәстүрінен  тамыр  алған  нақшбандийа,  иканийа,  бекташийа  секілді 

сопылық  ағымдар  да  ақиқатты  танып  білуде  хақпен  бірігу  (таухид)  жолын 

ұстанды.  Неміс  классик.  философтары  (Фихте,  Гегель)  Ақиқатты  білімнің 

дамуы  тұрғысынан  қарастырды.  Ал  қазіргі  батыс  философтарының  бір 

ағымы  —  экзистенциализм  өкілдері  ақиқатты  даралықтың  психол.  ахуалы 




31 

 

деп  талқылайды.  Ақиқатты  танып-білу  процесі  –  тарихи,  қарама-



қайшылықты,  шексіз  процесс.  Ақиқат  тереңде  жатады.  Оны  ұғынудың 

қиындығы  да  сонда.  Қазақтың  ғылым  туралы  “инемен  құдық  қазғандай” 

деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді. 

Сүйіспеншілік дегеніміз не? 

«Ұлы  нәрсе  іздемеңдер,алайда  кішкентай  істі  ұлы  Сүйіспеншілікпен 

жасаңдар» - деген Тереза-ана  

Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін  нұр әрі ең басты 

қуат көзі (халық даналығы) 

Өзімшіл  сүйіспеншілік  -  адам  тек  өзін  ғана    ойлайды,    сүю        оның 

«маған»  деген    эгоистік    қажеттіліктеріне  құрылады.  (  шамның  жарығымен 

салыстыруға болады)  

Өзара сүйіспеншілік -   «сен-маған, мен-саған» деген есеп пен міндетке 

құрылады,   жағдайға қарай (құбылмалы,  уақытша, өткінші болып өзгереді.  

(Ай сәулесімен салыстыруға болады)             

Риясыз  сүйіспеншілік  -    бәріне  бірдей    нұр  шуағын  шашады,    ештеңе 

қажетсінбейді, қайтарымын сұрамайды, бәріне қол ұшын береді. 

(Әлем жүйесі - жер, күн , су, от  салыстырамыз)  

Риясыз  сүйіспеншілік  –  адамдық  өлшемнің  белгісі.  Адамның  риясыз 

сүйіспеншілігі  күллі  тіршілікке,  болмысқа,  адамзатқа  арналғанда  өзара 

үйлесімділікке  қол  жеткізуге  болады.  Әрбір  адам  өзіне,  ата-анасына, 

Отанына 

сүйіспеншілікпен 

қарайды.  Әлемдегі  барлық 

жақсылық 

сүйіспеншілік арқылы келеді.

 

Адам жүрегі сүйіспеншілікке толы болса ғана 



мейірімділік  ,  қамқорлық,  адалдық  сияқты  асыл  қасиеттер  үнемі  байқалып 

тұрады. 


Сүйіспеншілік-  эмоция  емес,  ол  дүниені  өзгертуге  бейім,  өмір  еруші 

және  демеуші  қуатты энергия. 

Адам  –    сүйіспеншілік    энергиясын  өткізгіш.  Қалай  десеңіз?  Ізгі 

ниетпен жақсы істер жасау,  таза ой арқылы,   жан жадыратар жылы сөзбен,    

мейірім шуағы төгіліп тұрған  көзқараспен,   жүзіңде еш бояусыз риясыз, таза 

күлімсіреумен және   өзара  түсінісумен. 

Қазақ  жырауларының  жырларының  тәрбиелік-қолданбалы  және 

идеялық-эстетикалық    мәні.    Асан  Қайғы  қазақ  қоғамының  болашағы  үшін 

барша  жұрты  бай,  кедей  деп  бөлмей,  адамгершілікке,  бірлікке, 

бауырластыққа  баулуды  қажет  деп  санады.  Оның  ойынша,  адамның  мінез-

құлқы  жақсы  болуы  үшін  айналасындағыларға  жанашырлық  ізгі  жүректілік 

білдіруі, қамқоршы болуы қажет. Өзіне қажетті игіліктерді жасауда адамдар 

бірлесіп,  қоғамдасып,  бауырмалдық  іс-әрекет  жасауы  керек,  сонда  ғана 

бақытқа жетеді, басына бақ қонады деп білді. Бүкіл халқының қамын ойлауы, 

елді  берекелі  бірлікке,  шынайы  достыққа  адал  еңбекке  шақыруы,  сол 

замандағы  прогрессивтік  маңызы  зор  гуманистік  көзқарас  еді.  Шалкиіз 

ғибраттық, тәлімдік-тәрбиелік мағынаға толы толғауларының бүгінгі күні де 

маңызы  және  рухы  аса  күшті,  философиялық  тереңдігімен,  аз  сөзбен  көп 




32 

 

мағына  беретін  қысқа  да  болса,  нұсқалығымен  ерекшеленеді.  Жиембет 



жырау  сомдаған  батырлардың  тұлғасы  олардың  психология  ерекшелігі  мен 

жан  дүниесін  асқан  шеберлікпен  суреттейді.  Жастардың  бойында 

адамгершілік,  елжандылық  қасиеттерді  дәріптейді.  Бұқар  жыраудың 

шығармашылығында өзекті тақырыптар ретінде елдің бірлігі, бейбіт өмірі, өз 

отанына  деген  сүйіспеншілік,  сыртқы  жаулардан  елін  қорғай  білу,  тәлім-

тәрбиелік, өскелең ұрпақ тәрбиесіне толғауларында ерекшке мән береді. 

Қазақ  жырауларының  қай-қайсысын  алсақ  та,  жыр-толғауларында 

айтылатын негізгі идея – ел бірлігін, өз отанын сүю, оны сыртқы жаулардан 

қорғау, батырлығы мен ақындығы сай келетін, сол кезеңнің өзекті, маңызды 

мәселелерін  жырлай  отырып,  аз  сөзбен  көп  мағына  беретін  толғауларының 

жас  ұрпаққа  тәлімдік-тәрбиелік,  тағылымдық  ерекше.  Бүгін  де  тәрбие 

жұмысында кеңінен пайдалануға болады. 

Ақиқаттан  туындағаның  барлығы  -  дұрыс  әрекет.  Егер  біз  ар-ұжданға 

сүйенбесек, онда Дұрыс әрекет болмайды. Осы жерде және тап қазір – деген 

Пифагор 

Білім беру үрдісінің дұрыс әрекетке үйренудегі мақсаттары 

Күнделікті  өмірде  дұрыс  әрекет  ету  сапасын  дамытатын  және  жүзеге 

асыратын  ойларын,  сөздерін  және  іс-амалдарын  бекіту.  Ақиқат  жолымен 

жүруден  дұрыс  әрекет  туындайды,  онын  қағидаты:  Өзіне  де,  өзгегеде, 

табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Әр адамның бойында бар Ар-Ұждан даусын 

ажырату және ести білу қабілеттерін ояту.  

Тәннің үш дұшпаны: екі жүзділік, сараңдық, дүниеқоңыздық, тірі жанды 

жәбірлеуге бейімділік

Сөздің үш дұшпаны:  үрей таратудан айызы қану,  жалған сөйлеу, өсек 

айту; 

Ақылдың үш дұшпаны: көрсеқызарлық, көре алмаушылық, арсыздық. 



Мен болып жатқан нәрсеге қарсы емеспін ? 

Бұл  дегеніміз  болып  жатқан    нәрсеге  іштей  икемделу.  Бұл  енді  сенің 

өмірінде өзгеріс еңгізу үшін әрекет ете алмауынды  білдіреді ме? Жоқ мүлде 

керісінше сенің іс-әрекетіннің негізі нақ осы сәтпен үндескенде ғана өмірдің 

өзі оларды шабытқа толтырады 

Солай ма?  

Мүмкін .... 

Бұл да өтеді .... 

Ішкі тыныштық – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі.  

Өзін-өзі  тану  пәні  адамның  өзін-өзі  тануына,  өзінің  ең  жақсы 

қасиеттерін  анықтауға,  өз  ар-ұжданын  сақтап,  әрқашанда АДАМ  деген  атқа 

лайық  болуына  ықпал  етеді.  Бұл  құндылықтар  барлық  оқу  орындарында, 

олардың меншік түріне қарамастан, игерілуі тиіс.Өзін-өзі тану пәні мен басқа 

пәндердің  интеграциясы.Сабақтан  тыс  іс-әрекет  арқылы  өзін-өзі  тану  пәні 

мен  рухани-адамгершілік  білім  бағдарламасын  жүзеге  асыру.Өзін-өзі 

танудың  оқытудың  аксиологиялық  аспектілері.  Ақиқат  өзін-өзі  танудың 




33 

 

мақсаты.Сүйіспеншілік - өзін-өзі танудың негізін қалаушы құндылық. Дұрыс 



әрекет  тәжірибесі  –  өмір  негізі.  Ішкі  тыныштық  және  қиянат  жасамау  – 

тұлғаның  үйлесімді  дамуының  нәтижесі.Өзін-өзі  тану  рухани-адамгершілік 

білім  бағдарламасының  –  өмір  негізі.  Шынайы  қошбасшысыға  тән 

адамгершілік  қасиеттер.  Өзін-өзі  тану  сабақтарындағы  жағымды  ойлаудың 

рөлі. Өзін-өзі тану сабақтарындағы ән айту және музыка. Әңгімелесу әдісі - 

студенттерді  терең  рухани-адамгершілік  әңгімелерге  тарту  тәсілі  болып 

табылады. 

Бұдан  қорыта  келгенде  Ішкі  тыныштық-тұлғаның  үйлесімді  дамуының 

нәтижесі  жайлы  түсінгенім  адамның    жан  дүниесі  таза  баска  адамдарға  

жамандық ойламауы керек.Және бұдан кейін сенің достарында көп болады. 

Өзің-өзі танудағы қиянат жасамау принципі 

Әрқашан көмектесу,  ешқашан  зиян  келтірмеу,  ешкімді ренжітпеу,  жан-

жануарларға  қамқорлық  жасау,  қауіпті  заттармен  ойнамау,  топпен  жұмыс 

істеу, бірлік. 

Қиянат жасамау құндылығының мәні өзіңе қатысты қиянат жасамаудан 

басталады.Қиянат    жасамау,  яғни  басқаларға  зиян  келтірмей  өмір  сүру-бұл 

сүйіспеншілік  пен  ынтымақтастық  рухы,  кешіре  білу  қайырымдылық, 

қоршаған  ортамен  өзгелерге  қамқорлық,  бауырмалдық  және  теңдік  сезімі 

ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі діни дәстүрлеріне деген құрмет. 

Қиянат  жасамау,  сүйіспеншілік,дұрыс  әрекет  ету  және  жантыныштығы 

құндылықтары бар жерде ғана болады.Бойында қиянат жасамау құндылығы 

бар  адамдар  заңды  құрметтейді  табиғи  заңдарын  бұзбайды.  Осылайша  олар 

барлық адамдар мен қоршаған әлемді сүйеді.  

Өзіне қатысты қиянат жасамау:  

-Өзіне қатысты қиянат жасамау-бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау 

-Өтірік айту, дөрекі сөйлеу-қиянат; 

-Жаман сөз есту -құлаққа қиянат

-Барлығынан жамандық көру-көзге қиянат 

-Жаман иіс искеу-мұрынға қиянат 

-Жаман әрекет жасау-тәнге қиянат 

-Жағымсыз ойлар -бүкіл әлемге қиянат. 

Қиянат жасаудың себептері: 

-Сүйіспеншіліктің жетіспеуі 

-Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі 

-өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат 

-Әлем  туралы  өзіндік  түсінігіне  сәйкес  әлемді  өзгерту  ниетінен 

туындаған қиянат; 

Біреуге  қиянат  жасасан  өз  алдынан  шығады  деп  ойлаймын.Сондықтан 

жаман  әрекет  жасамау  өзімізден  басталады.  Жаман  қылықтардан  аулақ 

болғанымыз дұрыс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет