Тақырыбы: Жер ортақ үйіміз
Құндылығы: Қиянат жасамау
Қасиеттері: Ешқашан зиян келтірмеу; жан-жануарларға қамқорлық жасау; бірлік.
Мақсаты: Оқушыларға Жер-ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға жан – жануарларға қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бірлік қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа ешқашан зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
№31 – сабақ. «Жер біздің ортақ үйіміз» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу.
Сұрақтар:
1. Жер-ананың риясыз қызметін неден байқауға болады?
2. Жерде өмір сүріп жатқан қандай ұлт өкілдерін білесіңдер
3. Біз табиғатты қалай қорғау керекпіз?
4. Жер қалайша ортақ үйіміз?
5.Туған жеріңнің қандай көрінісін ұнатасың?
Сабақтың дәйексөзі.
Адазаттың бәрін сүй, бауырым деп...
Абай Құнанбаев
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845 – 1904) — ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.
- Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Абай Құнанбайұлы
Мұғалім сыйы.
Шөп – Жердің түгі
Қ. Толыбаев
Сұрақтар:
1. Жануарлардың әңгімесі не туралы болып еді?
2. Жер-Ананың құдіреті дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Жер неліктен барлық тіршілік иелеріне риясыз қызмет етеді?
4. Сен Жер-Анаға қалай көмектесер едің? Мысалмен түсіндір.
Тапсырма: Дәптердегі суретті бояңдар. Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтыңдар.
«Бір әлемнің баласы »
Өлеңін жазған: Сағи Жиенбаев
Әнін жазған: Әсет Бейсеуов
Бірге біздің жырымыз,
Бірге серуен құрамыз.
Бірімізді біріміз
Күнде көріп тұрамыз.
Жолдарымыз жосылып,
Жатыр асқар тауды асып.
Орманымыз қосылып,
Жолдарымыз жалғасып.
Таңы да ортақ аспаның,
Жарығы ортақ жұлдыздың.
Тілегіміз бір біздің,
Жүрегіміз бір біздің.
Үйге тапсырма.
№32 – сабақ: «Бір ананың баласымыз» өлеңін үлкендердің көмегімен оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |