Тақырыбы: «Достықтар мекені» ( ашық сабақ)
Мақсаты: Балаларға 1- мамыр ынтымақ пен бірлік мерекесі туралы
түсінік беру. Қазақстан көп ұлтты мемлекет екендігі жайында түсініктерін
кенейту. Балаларға достық, ынтымақ сөздерінің маңыздылығын түсіндіру.
Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту. Өз еліне, туған жеріне деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жылулық шеңбері:
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз!
-Балалар, Жер ана бәрімізге ортақ. Қазақстан – көп ұлтты
мемлекет.Біздің кең байтақ қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату – тәтті,
ынтымақта, бауырластықта өмір сүруде. Сендер елімізде тұратын қандай ұлт
өкілдерін білесіңдер? Біз олармен қандай қарым – қатынастамыз? ( Балалардың
жауабы).
-Дұрыс айтасыңдар, елімізде орыс, татар, ұйғыр, неміс,
өзбек тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт –
дәстүрі, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары болады. Біз барлық ұлт
өкілдерімен татумыз, доспыз және бір шаңырақ астында тұрамыз.
Балалар, 1- мамыр ынтымақ пен бірлік мерекесі.
Ойын: «Қуыршақтың киімін ата».
Педагог кез келген қуыршақтың киімін көрсетіп ( көйлек,
қамзол, мәсі, бөрік, сәукеле) оның қалай аталатының, түсін сұрайды. Балалар
жауап береді.
Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім,
Оңға, солға бұрылып,
Егеменде ел көрдім.
Жапсыру.
-Ал, балалар күніміз ашық болсын деп елімізге тыныштық
тілеп, ортадағы күннің шеңберіне тілек шоғымызды қойып, күннің шуағын жинайық.
Балалар: Дос болайық! Бірлік болсын! Аспанымыз ашық болып, әрқашан
күн сөнбесін! Тату, ынтымақты болайық! Денсаулығымыз мықты болып, гүлдей жайнап
жүрейік. Ата – анамыз аман болсын! Бір бірімізге көмектесейік!
-Қәне, балалар енді достық, бірлік, ынтымақ, бейбітшілік
туралы тақпағымызды айтайық.
Сұлтан:
Біз әр түсті баламыз,
Қол ұстасып барамыз.
Күн сөнбесін ешқашан,
Деп, шырқап ән саламыз.
Саян:
Тату – тәтті тұрамыз,
Бірге сайран құрамыз.
Бір үйде біз тұрамыз.
Бірлік асыл мұрамыз!
Эльмира:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ақмаржан:
Ынтымағы келіскен,
Үзім нанды бөліскен.
Достық аулақ тұрады,
Ұрлық, ұрыс керістен.
Мүсіндеу. «Мерекелік шарлар».
Балалар алдарында тұрған ермексазды шар пішініне енгізіп,
түрлі – түсті картон қағаздарына жапсырады. Ал жіптерін түрлі – түсті
қаламдармен әсемдейді.
-Балалар, біз мерекеге қолдарымызға не ұстап барамыз?
-Әр түрлі шарлар ұстап барамыз.
Біз не білдік?
-Біздің мемлекет қалай аталады? Мемлекетімізде қандай ұлт
өкілдері тұрады? (Балалардың жауабы).
Достарыңызбен бөлісу: |