Осы кітапша оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата06.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#72665
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
3 L1W3D4 Lesson Study нұсқаулық

Түсініктемелер 
 
 
 
«Әдетте мұғалімдердің қолдары мүлдем 
босамайтындықтан, олар өздері енгізетін 
нәрселердің нәтижесін басқалардың 
қолданатынын көргісі келеді, сондықтан бұл 
жағдайда қысқа ғана мәтіндер мен 
бейнематериалдар көп көмек бере алады». 


Lesson Study: Нұсқаулық
Pete Dudley 
15 
9. Lesson Study-ге арналған уақытты жоспарлау және оны мектеп 
бағдарламасына енгізу
 
Ұсынылатын іс-әрекеттер 
Егер Сіз зерттеумен айналысатын мұғалімдер мен 
мектептегі 
басқа 
әріптестеріңізге 
бұл 
әдістің 
нәтижелерін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік жасасаңыз, 
Lesson study баға мен сапа тең дәрежеде ескерілген 
ұтымды тәсіл болмақ. 
Кейбір мектеп директорлары кәсіби білім алуға арнайы 
уақыт бөлген, ол уақытта Lesson Study топтары өз 
сабақтарын жоспарлап, талдайтын болған. 
Мамандарды оқытуда уақытты, кезең кестелерін, 
үзілістерді және басқа да тәсілдерді орынды қолдана 
білсе, 
сабақ 
қорытындыларын 
талқылауды 
жоспарлауға 
және 
оны 
өткізуге 
материалдық 
қаражатты талап ете бермейтін уақыт табуға болады.
Оқу 
бөлімінің 
меңгерушілері 
Lesson 
Study-ді 
қызметкерлеріне кәсіби білім беру тәсілі ретінде өз 
мектептерінің оқыту мен оқу жүйесіне енгізе алады. Бұл 
мұғалімдер мен басқа мамандарға кәсіби білім алу 
құқығын беріп, қазіргі кезде кең таралған және оқу 
тәжірибесіне айтарлықтай ықпал ететін модельдерді 
көздейтіндіктен, үздіксіз кәсіби дамуларына мүмкіндік 
туғызады (4-бетті қараңыз). 
Мысалдардың бірі - Lesson Study мен оның тиімділігін 
басқару арасында өнімді байланыс орнату, соның 
арқасында Lesson Study-ге қатысу мен оның 
нәтижелерін әріптестеріне таныстыру тиімділікті 
басқару құралдарының бірі ретінде қарастырылатын 
болған. 
Зерттеуге 
тартылған 
қызметкерлердің 
айтуынша, Lesson Study-ге қатысу оқыту тұрғысынан 
алғанда оншалықты тиімді емес салада тәуекелсіз 
жұмыс істеуге қарағанда, олардың өздерін сенімсіз 
сезінетін 
мәселелерді 
шешудегі 
дағдыларының 
анағұрлым жетілуіне көбірек ықпал ететінін сезінген. 
Lesson Study тиімділік мониторингінен бөлек жүзеге 
асырылуы керек.
Кейбір Lesson Study топтары өздері дайындап жатқан 
әдістерін басқа мұғалімдерге ашық Lesson Study-де 
көрсетеді. Мұндай жағдайда оқушылар сабақтан соң 
қалып, жақын маңдағы университеттерден шақырылған 
адамдар үшін сабақ көрсетіліп, кейіннен барлығы ол 
сабақты қызу талқылайды. Мұндай үлгі Жапонияда кең 
тараған.
Түсініктемелер 
«…Есікті жауап алып, өз сабағын бере беретін 
мұғалімдер кенеттен: «Тұра тұрыңдар, бұл мен үшін, 
сондай-ақ сабақтағы балалар үшін пайдалы ғой. Мен 
істеп отырған нәрсе менің сыныбымның ғана емес, 
бүкіл мектептің нәтижесін көрсетпей ме!?» деп 
ойлануы мені расында да таң қалдырды әрі қуантты».
 


Lesson Study: Нұсқаулық
Pete Dudley 
16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет