Осы кітапша оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата06.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#72665
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
3 L1W3D4 Lesson Study нұсқаулық

 
 
3 сурет.
 
Lesson Study-ден кейінгі талқылау сызбасы 
 
Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға пайдалануға 
болады 
3-кесте. Талқылау барысында жазба жүргізуге арналған кесте 
Сабақ қорытындысы бойынша талқылауларды жазу 
Бақылаудағы А 
оқушы 
Бақылаудағы B 
оқушы 
Бақылаудағы C 
оқушы  
Оқушының әрқайсысы 
қандай прогреске қол 
жеткізді? Ол жеткілікті 
болды ма? Олардың 
сыныптарындағы басқа 
оқушылар қандай нәтиже 
көрсетеді?
Енгізіліп жатқан әдіс 
қалай көмектесті немесе 
кедергі келтірді (екеуі де 
болуы ықтимал)? 
Қандай тосын оқиғалар 
болды?
Әр оқушының нәтижесін 
жақсарту үшін келесі 
жолы әдістеменің қандай 
аспекті(лері) түзетілуі 
керек? 



Келесі жолы біз не 
істеуге тырысуымыз 
керек? 



Т.А.Ә.А...……………………………….. Мерзімі……………………………………. 
 
 


Lesson Study: Нұсқаулық
Pete Dudley 
14 
8. Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру 
 
Ұсынылатын іс-әрекеттер 
Lesson Study-ді бастамас бұрын топ мүшелеріне өздері 
енгізіп жатқан оқыту әдісінің негіздеріне қатысты қандай 
жұмыс атқарғанын, ол туралы не білгенін, нені 
пысықтағанын әріптестеріне көрсетуге мүмкіндік беру 
қажет. Мұғалімдер өздерінің істеген істері туралы 
пікірлерімен басқалармен бөлісетінін алдын-ала білсе, 
олар мұны бүкіл үдеріс бойында естерінде ұстайтын 
болады. Бұл Lesson Study тобына өз пікірлері мен ойларын 
әріптестері алдағы уақытта оны пайдалана алатындай етіп 
нақты баяндауға мүмкіндік береді. 
Lesson Study қысқа бейнежазбалары мен PowerPoint 
таныстырылымына салынған фотосуреттері – сабақты 
өткізу барысын көрсетіп, тәжірибені қорытудың танымал 
тәсілі (Сізге мектебіңізде бейне және фотоматериалдарды 
пайдалану ережесінің бар екендігіне көз жеткізу қажет 
болады).
Lesson Study тобы дайындаған, бейімдеген немесе 
жетілдірген педагогикалық әдістемені толық ұғынуға 
көмектесу мақсатында Lesson Study тобына басқа 
мұғалімдермен жұмыс істеу (коучинг өткізу) мүмкіндігін 
ұйымдастырыңыз. 
Тәжірибені нақты тұжырымдау, түсіндіру және көрсету:
1. әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп өз тәжірибесін 
жетілдіруде көмектесетінін; 
2. түсіндіру мен коучинг жүргізіп отырған маманның 
жұмыс тиімділігін арттыратынын естен шығармаңыз.
Себебі 
Lesson 
Study 
кезінде 
мұғалімдер 
әдетте 
пайдаланғанымен, ол туралы ешқашан айтпайтын 
тәжірибедегі жасырын (санасындағы) білімін ашық 
көрсетеді. Басқаларға түсіндіру арқылы мұғалімдер өз 
білімдері туралы көп білуге, сөйтіп білімдерін одан әрі 
жетілдіруге мол мүмкіндік алады. 
Нені білгеніңізді және көпшілікке ұсынғаныңызды атап өтіп, 
баға беріңіз.
Мұғалімдер 
бөлмесінде 
«оқыту 
қабырғасын» 
ұйымдастырыңыз. Ол жерде Lesson Study тобы өз 
жұмыстарын (фотосуреттерін, бақылауларын, оқушылар 
сауалнамалары мен пікірталас нәтижелерін, бастапқы 
болжамдарын) ұсына алады. Бұл ресми таныстырғаннан 
кейін де мұғалімдер бөлмесінде осы мәселе төңірегінде 
ұзақ уақыт бойы талқы жүргізуге ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет