Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет109/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

 
 
12.3. Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды 
 өткізудің әдістемесі 
Физика  апталығын  өткізу.  Физика  апталығы  шаралар  есте 
қаларлықтай  жарқын  болуы  тиіс.  Ол  үшін  көптеген  қызықты  
сайыстар өткізуге болады: 
1.  Сөзжұмбақтар  мен  ребустар  сайысы.  8-10  сыныптар 
үшін  ребустар  мен  сөзжұмбақтарды  құрастыру  үй  жұмысын 
орындаудың  бір  түрі  болып  табылады.  Мұндай  жұмыстардың 
нәтижесінде  оқушылар  физикалық  ұғымдарды,  терминдерді, 
шамаларды,  саналы  түрде  меңгереді.  Оқушылардың  мұндай 
жұмысты өз бетімен орындауы оларды ізденуге итермелейді. Бұл 
жұмысты оқушы өз қалауымен орындағаны маңызды. 
Дұрыс  құрастырылған  сөзжұмбақтар  мен  ребустарды  мұғалім 
бағалайды. Ал ең  жақсы дегендерін сайысқа іріктеп алады. 
Бұл   сайысты  өткізуге  жауапты  штаб  мүшесі  іріктелген 
материалдардың  безендірілуін  қадағалайды.  Іріктелген  ребустар 
мен  сөзжұмбақтар  үлкен  форматтаға  қағаздарға  көшіріледі  және 
оны  құрастырушының  аты  –  жөні  жазылады.  Содан  кейін  бұл 
қағазды  мектептің  дәлізіне  іледі.  Оқушыларға  үзіліс  уақытында 
немесе  сабақ  соңында  тапсырмаларды  шешуге  мүмкіндік 
беріледі.  Егер  оларды  (2-3)  тез  арада  шешіп  тастаса,  онда 
сөзжұмбақтар  мен  ребустар  жиынын  басқа  тапсырмалармен 
алмастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет