Ғылыми жобалар сайысы: Бұл сайыстың мақсаты –
оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен өз бетімен
жұмыстануын дамыту.
Мектептегі физикалық апталықтың өту барысында штаб
мүшесі мен физика пәнінің мұғалімі тығыз байланыста болады.
Мұғалім әр сыныпқа сайысқа қандай жобалардың қатыса
алатынын және оларға қойылатын шарттарды түсіндіреді.
Жобаны қорғау мына түрде өтуі керек:
1. Жоба авторы өзінің жұмысының мазмұнымен танысты-
рады, - 2 мин.
2. Қарсыластар пікірі, яғни қарсыластардың жасаған жоба-
сының тиімді және тиімсіз жақтарын айтуы, - 2 мин.
3. Жоба авторына қойылатын сұрақтар және оның жауабын
тыңдау, - 1-2 мин.