Кештің түрлері. 7-8 сыныптар үшін сыныптан тыс
жұмыстардың тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер –
қызықты физика, физика-техникалық кештер, тақырыптық және
мерейтойлық күндерге арналған кештер болады.
Қызықты физика кеші әсіресе 7-8 сынып оқушылары үшін
ерекше орын алады. Бұл түсінікті де: 13-14 жастағы мектеп
оқушыларын, олардың қиялын баурап әкететін ғажайып
құбылыстар әуестендіреді. Алайда мұғалім кешті тек бір сарынды
«ғажайыптармен» ғана ұйымдастырмауы керек. Өйткені кештің
негізгі принципі оның мазмұндылығында болуы керек, әйтпесе
кеш тек сыңар жақ көріністермен ғана шектеліп, өзінің танымдық
маңызын жоғалтуы мүмкін.