189
анықтау ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың басым көпші-
лігінде физиканы оқуға деген қызығушылықтарын оятуға жағдай
туғызу екендігін естен шығармаған жөн.
Олимпиадалар ұйымдастыру мен өткізуде келесі дидакти-
калық және тәрбиелік мақсаттар көзделеді:
- пәнге деген тұрақты қызығушылықты туғызу;
- бұрын өткен материалды жүйелендіру мен қайталау;
- оқушыларда рационалды физикалық ойлауды дамыту;
- табандылық, мақсатқа тырысушылық, қиындықтарды жеңу
сияқты сапаларды тәрбиелеу;
- жоғары сынып оқушыларына мамандықты таңдауда көмек
көрсету.
Олимпиада нәтижелері бойынша ең қабілетті деген жастарды
елдің жоғары оқу орындарына ұсынуға мүмкіндік туады.
Физика бойынша олимпиадалар қазіргі кезеңде бес кезеңде
өткізіледі.
1-ші кезең – мектепішілік олимпиадалар. Олар мұғалімдердің
күшімен оқу жылының бірінші жартыжылдығында өткізіледі,
оған қатысуға ниет білдірген оқушылардың барлығы қатыс-
тырылады.
2-ші кезең – аудандық, қалалық олимпиадалар. Бұл кезең
өлкелік, облыстық ұйымдастыру комитеттерімен құрастырылған
тапсырмалар бойынша желтоқсан-қаңтар айларында өткізіледі.
3-ші кезең - өлкелік, облыстық олимпиадалар. Бұл кезеңді
облыстық комитеттер қаңтар-ақпан айларында өткізеді.
4-ші кезең – аймақтық. Ол наурыз айында өткізіледі.
5-ші кезең – қортынды. Ол сәуір айында өткізіледі. Онда
аймақтық олипиадада жеңіске жеткендер қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: