Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж


Үшінші  эвристикалық  деңгейдегі  тапсырмалар  түрлері



Pdf көрінісі
бет46/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

Үшінші  эвристикалық  деңгейдегі  тапсырмалар  түрлері 
мыналар:  танымдық  іздену  (эвристикалық)  түрдегі  тапсырма-
ларды  орындау  барысында  оқушылар  жаңа  тақырып  бойынша 
меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, 
аныктамалар,  формулаларды  жаттау,  т.с.с.)  жетілдіріп,  терең-
детумен  қатар,  ол  тағы  да  жаңа  білімді  меңгеріп,  өзі  үшін 
жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс - анализ бен синтез 
және  салыстыру  арқылы  негізін  анықтау,  қорытындылау  сияқты 
ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында 
оқушылар  жаңа  есептерге  тап  болады  да,  проблемалық  жағдай 
туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек. 
Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру және 
оны  өздігімен  шығару,  өмірден  алынған  мәліметтер  негізінде 
диаграмма,  графиктер  салу,  жергілікті  жағдайда  өлшеу  жұмыс-
тарын  жүргізу,  көрнекі  құралдар  дайындауға  берілетін 
тапсырмалар.  Ой  қорытуға  арналған,  дағды  қалыптастыратын 
тапсырмалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет