4.4. Физиканы оқыту құралдары Оқыту құралдары - деп оның көмегімен мұғалім оқытатын, ал оқушы оқитын ақпарат көзін айтады. Оқыту құралдарына: мұғалімнің сөзін, оқулықтарды, оқу
құралдарын,
хрестоматияларды,
анықтамаларды
үлестіріп
берілетін дидактикалық материалдар; оқытудың техникалық
құралдары; аспаптар жатқызылады.
Техникалық оқыту құралдары (ТОҚ) - деп техникалық
құрылғылардың жиынтығы мен оларға арналған арнайы
дидактикалық материалдарды айтамыз. Дәстүрлі ТОҚ-ның
әртүрлі топтамалары бар. ТОҚ-қа енеді:
-дыбыстық (аудио);
-экрандық (визуальды);
-экрандық-дыбыстық (аудиовизуальды).
Дыбыстық құралдар – бұл ақпараттың дыбыс каналдары
арқылы берілетін техникалық оқыту құралдары. Оған радио,
магнитофон т.б. жатады.
Экрандық құралдарға – ақпаратты көзбен көру каналдары
арқылы берілетін ТОҚ-ы жатады. Олар: кодоскоп немесе
графопроектор; эпидиаскоп, диапроекторлар т.б.
Экрандық-дыбыстық құралдар – бұл ақпараттың бірмезгілде
көзбен көру және дыбыстық каналдар бойынша берілетін ТОҚ-н
айтады. Оларға: кинопроектор, теледидар т.б. жатады.
Қазіргі заманғы ТОҚ. Қазіргі заманғы ТОҚ-на жатады:
- бейнепроекторлар;
- күңгірт немесе шамалы жарықта да жұмыс істей беретін
көлемі үлкен экрандар;
- бейнекамера және бейнемагнитофон;
- фреймграбер т.б.
Осы ТОҚ-н нақты бір жүйеде қолдану перспективалы болып
табылады.