4.3. Оқыту әдістері мен ғылыми танымның әдістерінің байланысы Физика ғылымы зерттеудің теориялық және эксперимен-
тельдық әдістерін қолданады. Бұл әдістердің логикасы оқу және
ғылыми танымдар үшін маңызы бірдей. Оқу танымының ғылыми
танымнан ерекшелігі таным нәтижесі суъективтік сипатты
болады. Ол тек қана оқушы үшін қажет. Сонымен қатар
оқушының білмеуден білуге өтуі мұғалімнің оқытудың әртүрлі
әдістерін қолданып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін
ұйымдастыруына байланысты.
Ғылымда таным процессі эмпирикалық және теориялық
деңгейлерде жүзеге асады. Оны мына сұлбадан көруге болады