Физика бойынша педагогикалық-бағдарламалық құралдар (ПБҚ) Қазіргі уақытта ПБҚ бірыңғай топтамалар да, қалыптасқан
терминология да жоқ. ПБҚ-ны әртүрлі тәсілдермен: мақсаттары
бойынша, кіммен қолданылатыны бойынша да, қолданылатын
техника бойынша және т.б. топтастыруға болады. Бағдарламалық
бақылауды, компьютерлік модельдерді, компьютерлік сипаттау-
ларды жиі бөліп көрсетеді. Сонымен қатар, тек лицензиясын
төлеп пайдаланатын коммерциялық бағдарламалар, және еркін
таратылатын бағдарламалар бөліп көрсетіледі.