106
әр түрлі оқу орындарының көп жылдық тәжірибесі дәлелдеді. Бұл
әдіс оқытудың әр түрлі сатысында және барлық елдердің
мектептерінде нақты орын алып, қолданылады. Оқытуда тек осы
әдісті қолдану жеткіліксіз. Себебі бұл әдіс оқушылардың әзір
ақпаратты түсініп, қабылдап, еске сақтауын ғана көздейді. Ал
қазіргі оқытудың мақсатына сәйкес оқушылардың жан-жақты
дамуын көздейтін, яғни жаңа білімге мұғалімнің басшылығымен
өз бетімен жетуге тиісті әдістерді қолдану керек. Бұл әдісті
көбіне мұғалімдер жаңа тақырыпты қарастырудың басында
немесе жаңа оқу материалының бір фрагментін қарастарғанда
жаңа білімді меңгеру үшін оқушыларда қажетті білім болмаған
жағдайда қолданады. Бұл әдісті қолданудағы мұғалімнің мақсаты
әр түрлі жағдайларда білім қалыптасыруды неден бастауды
(сөзбен түсіндіру, оқулықтан мәтінді оқыттыру немесе
көрнекілікті қолдану арқылы беру т.б.) анықтау. Осы мақсатты
шешу қарастырылатын материалдың сипатына, оқушылардың
дайындық деңгейіне және т.б. байланысты.
Негізгі мектепте түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс басқа
әдістермен бірігіп қолданылады. Бұл мектептегі оқушылардың
психологиялық және жас ерекшеліктері жаңа оқу материалын
қабылдап, меңгеруде олардың әртүрлі іс-әрекеттерін сабақта
алмастырып отыруды қажет етеді. Ал жоғарғы сыныптарда
түсіндірмелі – иллюстративтік әдісті оқу материалын дәріс
түрінде беру көзделгенде бүкіл сабақ бойы қодануға болады.
Соңғы жылдары оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің
өзгеруіне байланысты оқушылар өз беттерімен жаңа білімді
меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар оның құрылымы мен
білімге жетудің әдістерін де меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: