136
Жылдық жоспар құрылғаннан соң, мұғалім әр тақырып
бойынша оқу материалын жоспарлауға көшеді, яғни күнтізбелік-
тақырыптық жоспарды құрады.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар деп - әр тақырыптың оқу
материалын сабақтар бойынша бөлуді айтамыз. Әдетте,
күнтізбелік-тақырыптық жоспар жарты жылға немесе жылға
жасалып, мектеп әкімшілігімен бекітіледі.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құру кезінде әр тақырып-
та немесе тарауда меңгерілуге жататын және оқу материалының
мазмұнын анықтайтын білімдер, оқушыларда қалыптасуы керек
шеберліктер бөлініп көрсетілуі қажет.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар материалды қайталауды
уақытылы ұйымдастыруға, әр сабақта көрсетілетін эксперимент-
терді, оқушылардың өз бетімен жұмыстарын, оларға жеке тап-
сырмаларды ойластыруға мүмкіндік береді. Күнтізбелік-тақы-
рыптық жоспар негізінде мұғалім бақылау іс шараларының
кестесін құрастырады, кино- және бейнефильмдерге өтініш бере
алады.
Кейде күнтізбелік-тақырыптық жоспарға басқа да сұрақтар
енгізіледі. Ең бастысы тақырыптық жоспар сабақтағы жұмыстың
ұйымдастырылуын бейнелеуі керек және мұғалімге оқытудың
формалары мен әдістерін әралуанды етуіне мүмкіндік беруі тиіс.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мұғалімнің сабаққа дайын-
дығын жеңілдетеді, мұғалімнің жұмыс тәжірибесі молайған
сайын
олар кеңейтіліп, жетілдіріле түседі.
Достарыңызбен бөлісу: