133
әзірленеді. Семинарларға қатынасу барысында оқушылар өз
ойларын дұрыс физикалық тілмен жеткізуге, пікір таласқа
қатысуға, өзінің және жолдастарының жұмыстарына сыни
тұрғыдан қарап бағалау дағдыларын меңгереді. Баяндау
барысында әр түрлі көрнекіліктерді қолданып, тәжірибелер
көрсеткен оқушылардың қызығушылығын туғызады.
Факультативтік сабақтардың ерекше түрлерінің бірі -
физикалық есептерді шығару практикумы. Ол 9 сыныптан
бастап ірі тақырыптар бойынша есептерді шығару сабақтары
түрінде өткізіледі. Есептерді шығару практикумы ірі тақырып
бойынша алған білімдерін біріктіріп қолданылуымен физиканың
негізгі курсында есептерді шығару сабақтарынан ерекшеленеді.
Осы практикумның сабақтарында зерттеушілік мақсаттағы
күрделі есептерді, берілгені толық емес немесе артық мәнді
берілген есептерді шығарту арқылы оқушылардың өз бетімен
жұмыстануына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай
жасалынады.
Факультативтік курстар бағдарламасы сабақтардың фрон-
тальдық зертханалық жұмыстар және зертханалық практикум
сияқты формаларын қарастырады.
Фронтальдық зертханалық жұмыстар теориялық материалды
тереңдетеді, оқушыларда бастапқы эксперименттік іскерліктерді
қалыптастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстарға әртүрлі
өлшеулерді орындаумен, аспаптарды құрастырумен, зерттеу
жұмыстарымен байланысты жұмыстар енгізіледі.
Зертханалық жұмыстың басқа формасы физикалық практи-
кум болып табылады. Оны жүргізу оқытуды жекелендіруге,
оқушылардың бейімдері мен қызығушылықтарын есепке алуға
үлкен мүмкіндіктер береді. Практикумға оқушылардың іс
әрекеттерінің сипаты бойынша, олардың іс әрекеттерін басқаруға
байланысты деңгейі күрделі әртүрлі жұмыстарды енгізуге
болады. Егер оқушы физиканың қандай да бір болмасын
тарауына қызығушылық танытып отырса, онда оған өз
қызығушылығы саласы бойынша эксперименттік жұмыспен
айналысуға мүмкіндік беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: