126
Жалпы орта білім беретін мектептерде оқытуды ұйымдас-
тырудың бір түрі экскурсия сабақтары. 90-жылдарға дейін
экскурсиялар бағдарламаға енгізіліп, міндетті түрде өткізілуге
тиісті болатын. Оған әдейі уақыт бөлінетін. Қазіргі кезде
қолданылып жүрген альтернативті варианттағы бағдарламаларда
оқу экскурсияларын өткізуге қатаң талап қойылмаған. Экскурсия
сабақтарында оқушылар теорияның практикада қолданылуын
көреді. Сондықтанда физикалық білімді қалыптастыруда бұл
сабақтардың орыны бөлек. Экскурсия сабақтарын ұйымдастырып
өткізу 4 кезеңнен тұрады: 1) Экскурсияны жоспарлау, 2) Экс-
курсияға әзірлік, 3) Экскурсияны өткізу, 4) Экскурсия нәтижесін
қорытындылау.
Мұғалім экскурсияны жоспарлағанда оны өткізу уақыты мен
орнын анықтап, экскурсияға алып баратын мекемемен келісіп,
мектеп әкімшілігінен рұхсат алуы керек. Осы кезеңде оқушы-
ларды экскусияның мақсатымен, олардың алдарында тұрған
міндеттермен, экскурсияға барғанда неге көңіл аудару керектігін,
экскурсия нәтижесі бойынша есепті қандай түрде дайындау керек
екендігімен, қауіпсіздік ережесімен таныстырады.
Экскурсияға барғанда мұғалім оқушылардың денсаулығы
мен өмір қауіпсіздігі үшін жауапты. Сондықтан экскурсия кезінде
оқушыларды бақылап, олардың қауіпсіздік ережесін сақтауын
қадағалау керек.
Экскурсия нәтижесін қорытындылау барысында оқушылар
өздеренің көріп бақылағандарын бір жүйеге келтіріп, физикалық
білімдерімен байланыстырып, есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: