124
Оқушылардың білімдерін қорытындылап бір жүйеге келтіру
сабақтарын әр түрлі әдістерді қолданып, ұйымдастырып өткі-
зіуге болады. Дәріс түрінде өткізуге болады, бірақ бұл әдіспен
өткізілетін сабақта оқушылардың танымдылық белсенділігі
жоғары болмайды. Оқушылардың танымдылық белсенділігі
жоғары деңгейде болу үшін интер белсенді әдісті қолданған
тиімді. Бұл әдісте мұғалім мен оқушылардың бірігіп әңгімелесіп
талдау нәтижесінде білімді қорытындылаушы сұлбалар сызылып,
кестелер толтырылады. Білімді қорытындылап бір жүйеге келтіру
сабақтарын семинар түрінде өткізу де тиімді. Бұл сабақтар үшін
оқушылар өз беттерімен қосымша әдебиеттерден материалдар
алып, әзірленіп, сабақта өздері жинақтаған мәліметтерін айтып,
пікір бөліседі
Ғылыми фактлар негізінде «Электродинамика» тарауындағы
фундаментальді тәжірибелер жөніндегі оқушылардың білімдерін
қайталап жүйеге келтіруді мына кестені толтыру арқылы жүзеге
асыруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: