Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет54/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

4.4. Физиканы оқыту құралдары 
Оқыту құралдары - деп оның көмегімен мұғалім оқытатын
ал оқушы оқитын ақпарат көзін айтады. 
Оқыту  құралдарына:  мұғалімнің  сөзін,  оқулықтарды,  оқу 
құралдарын, 
хрестоматияларды, 
анықтамаларды 
үлестіріп 
берілетін  дидактикалық  материалдар;  оқытудың  техникалық 
құралдары; аспаптар жатқызылады. 
Техникалық  оқыту  құралдары  (ТОҚ)  -  деп  техникалық 
құрылғылардың  жиынтығы  мен  оларға  арналған  арнайы 
дидактикалық  материалдарды  айтамыз.  Дәстүрлі  ТОҚ-ның 
әртүрлі топтамалары бар. ТОҚ-қа енеді: 
-дыбыстық (аудио); 
-экрандық (визуальды); 
-экрандық-дыбыстық (аудиовизуальды). 
Дыбыстық  құралдар  –  бұл  ақпараттың  дыбыс  каналдары 
арқылы  берілетін  техникалық  оқыту  құралдары.  Оған  радио, 
магнитофон т.б. жатады. 
Экрандық  құралдарға  –  ақпаратты  көзбен  көру  каналдары 
арқылы  берілетін  ТОҚ-ы  жатады.  Олар:  кодоскоп  немесе 
графопроектор; эпидиаскоп, диапроекторлар т.б.  
Экрандық-дыбыстық  құралдар  –  бұл  ақпараттың  бірмезгілде 
көзбен көру және дыбыстық каналдар бойынша берілетін ТОҚ-н 
айтады. Оларға: кинопроектор, теледидар т.б. жатады. 
Қазіргі заманғы ТОҚ. Қазіргі заманғы ТОҚ-на жатады: 
- бейнепроекторлар; 
-  күңгірт  немесе  шамалы  жарықта  да  жұмыс  істей  беретін 
көлемі үлкен экрандар; 
- бейнекамера және бейнемагнитофон; 
- фреймграбер т.б. 
Осы ТОҚ-н нақты бір жүйеде қолдану перспективалы болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет