149
Қазіргі уақытта тексерудің дәстүрлі әдістерінен басқа
тестілік
тапсырмалар бойынша тексерулер кең таралуда.
Тестілер оқушылардың білім деңгейлерін сапалы өлшеуге
мүмкіндік береді, өйткені мұндай жағдайда тексерудің қажетті
дәлдігі мен объективтілігі қамтамасыз етіледі. Құрылымы жағы-
нан тесттерді еркін жауап беру мен жауап беруді таңдауы бойын-
ша айырып біледі. Бірінші типтегі тест тапсырмалары оқушылар-
дан өзбетімен сұраққа қысқа жауап тұжырымдауды талап етеді.
Екінші типтегі тест жауап жиынтығы бар сұрақтардан тұрады,
жауаптардың ішінен оқушылар дұрыс әрі толық жауапты таңдай-
ды. Қазіргі уақытта арнайы бақылау бағдарламалар жасалған, ол
компьютердің көмегімен тест түріндегі тапсырмаларды қолдану
арқылы оқушылардың білімін біршама жылдам тексеріп, сол арада
оқушылар мен мұғалімге тестілеу нәтижесі туралы ақпарат береді.
Достарыңызбен бөлісу: