Зерттеу әдістері.
Зерттеуде сипаттама жасау, типологиялық, тарихи
салыстырмалы, салғастыру, аудару, түйіндеу, жіктеу, статистикалық әдістер
қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу нысаны бойынша мынадай
мәселелер ғылыми шешімін тапты:
-
ғалымдар тарапынан әртүрлі жіктеліп жүрген қазақ тіліндегі дауыссыз
дыбыстардың жасалу орындарына қарай жіктелуі бір жүйеге келтірілді;
-
қазақ және араб тілдері дыбыстық жүйелерінің ұқсас жақтары мен
айырмашылықтары алғаш рет анықталып, қазақ тіліндегі дыбыстарға балама
болатын, баламасы болмаса ең жақын келетін араб тілі дыбыстары анықталды;
-
араб тілінде әр түрлі нұсқада жазылып жүрген қазақ онимдерін араб тіліне
транслитерациялауды ғылыми тұрғыда бір жүйеге келтіру жобасы түзілді;
-
араб онимдерін қазақ тіліндегі кирилл әріптерімен транслитерациялау жобасы
жасалды;
-
Алла сөзін қазақ мәтіндерінде араб тіліндегі [al-lāh
u
] сөзінен Аллаһ деп
транслитерацияламай, қазақ тіліне ертеректе еніп қазақыланған нұсқасы бойынша
Алла деп жазылуы дұрыс екені тілдік тұрғыда дәлелденді.
|