70
– белгілі бір критерияларға, нормаларға, талаптарға, стандарттарға сүйене
отырып анықтаймыз. Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ISO) сапаға
келесідей анықтама береді: «Сапа – бұл өнімдер мен қызметтер құрамындағы
жиынтық қасиеттері арқылы сертті жəне болжамдалған қажеттіліктерді
қанағаттандыру қабілеті».
(ISO 8402-94) Сапа түсінігімен келесідей түсініктер тығыз байланысты:
өнімнің
техникалық
деңгейі,
тауардың
бəсекегеқабілеттілігі,
сапа
көрсеткіштері, сапа ілгегі жəне т.б. Нарықтың жоғарғы технологиялық
деңгейдегі бұйымдар мен сапалы тұтыну тауарларына толығуы –
экономиканың толық өркендеуінің белгісін көрсетеді.
XX–шы ғасырдың 80-ші жылдары бəсеке қабілеттілікті қамтамасыз етуде
сапа негізгі маңыздылыққа ие болды. Əлемдік нарықта тұтынушылардың 80
пайызы тауарды сатып алуда бірінші оның сапасына мəн берді. Мысалы:
Батыс
Еуропа елдерінде кейбір тауарлар сапа сертификатынсыз нарыққа шығуына
рұқсат етілмейді. Ал, басқа да сертификатталмаған тауарлар, сертификатталған
тауарлардан екі есе төмен бағамен сатылуы тиіс деген заңнамалар бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: