Квалиметрия


Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру



Pdf көрінісі
бет42/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Байланысты:
treatise8149

Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру 
Іскерлік қатынастың кез келген табиғаты мен өндірістің ғылыми жүйелері 
сияқты  өзіне  тəн  бизнестік  жүйелік  қасиеттері  болады.  Əдетте,  бизнестің  осы 
қасиеттерін  бизнес  жүйесінің  интегративтік  сапалары  дейміз.  Өзіне  тəн 
қасиетіне  байланысты  осы  сапа  аталған  жүйенің  біртұтас  құрамы  болып 
қалыптасады.  Бизнес  жүйесінің  негізгі  интегративтік  жүйелеріне  төмендегілер 
жатады: 
—  бизнес  жүйесінде  атқаратын  қызметіне  қарамай-ақ  барлық 
субъектілердің əлеуметтік-экономикалық тəуелсіздігі сақталады; 
—  іскерлік  қатынас  барлық  субъектілер  ықыластарының  консенсусы 
болып табылады. 
Бизнестік  қатынаста  барлық  субъектілердің  бір-бірінен  тəуелсіз  болулары 
шартты  жағдай.  Бұл  қағиданы  сақтау  кəсіпкерлерден,  жалдамалы 
қызметкерлерден,  тұтынушылардан,  мемлекет  мекемелерінен  келісімнің  жаңа 
түрін іздеуде, өз қимыл-əрекеттерін іске асыру жолында, керек болса, өздерінің 
мүлкімен  заң  алдында  жауап  беруді  талап  етеді.  Бұл  субъектілер  бір-бірінің 
мүддесіне карама-қайшы келмеулері керек. 
Іскерлік  қатынас  субъектілерінің  тəуелсіздіктерін  бір  мағынада  түсінуге 
болмайды.  Экономикалық  субъектінің  бостандығы  керісінше — өз 
серіктестерінің мүдделерімен санаспай, өз бетінше əрекет жүргізу принціпі. Бұл 
принціп  экономикалық  талаптарға  сай  келмейді.  Себебі,  нарықтың  толық  іске 
асуы  үшін  кəсіпкерлердің  шығаратын  өнімдері  тұтынушыларды  толық 
қанағаттандырулары  керек.  Жалдамалы  қызметкерлер  де,  егер  өз  жұмысшы 
күшінің  бағасы,  жұмыс  орнының  саны  мен  сапасы,  қажетті  мамандарының 
саны  мен  сапасы, ... т.б.  жайынан  ақпараттары  болмаса,  кəсіпкерлерге  тең 
құқықты жағдайда жалдана алмайды. 
Іскерлік  қатынастар  субъектілерінің  тəуелсіздігі  дəл  келісім  жүргізген 
кезде  олардың  бір-біріне  ықыласымен,  саналы  қатыстардың  шарттарының 
толық сақталуымен қоса, субъектілер іс-əрекеттерін үкімет орындары мен оның 
басқару буындарының қорғауында болуы айтылады. 
Бүгінгі  Қазақстанда  бизнестің  жүйелі  түрі  қалыптасуда.  Бұрынғы  Кеңес 
Одағында  жеке  кəсіпкершілікке  ресми  түрде  тыйым  салынды,  тіпті,  ол  əрекет 
заң  алдында  жауап  беретін  іс  болды.  Жоспарлы  экономикада  қосымша 
шаруашылыққа  да  еңбек  ететін  жəне  ұсақ  қолөнер  кəсіпкерлігімен 
шұғылданатын  адамдар  тысқары  қалды. "Бизнесті"  айтпағанда, "кəсіпкер", 
"кəсіпкерлік" деген сөздерді қолданбайтын, тіпті, аталмайтын да. 
Кəсіпкерлік  фирмалардың  түрлері.  Кəсіпкерлік  фирма  дегеніміз — 
азаматтардың  жəне  ұйымдардың  заңды  кəсіпкерлік  қызметінің  түрі. 
"Кəсіпкерлік 
фирма" — заңды 
экономикалық 
термин. 
Қазақстан 
Республикасындағы  барлық  кəсіпкерлік  фирмалар  қызметтерінің  іс  жүйесін 
Қазақстан Республикасының заңы реттейді. 


 
64
Қазақстан  Республикасы  бекіткен  ереже  бойынша  жалдамалы  еңбекті 
пайдаланбайтын ұжымдар жеке еңбек əрекеті, ал жалдамалы еңбекті пайдалану 
арқылы  жүргізілетін  кəсіпкерлік  əрекет  өнеркəсіп  ұжымы  болып  тіркеледі. 
Сөйтіп,  кəсіпкерлік  фирма — жалдамалы  қызметкерлердің  еңбегін 
пайдаланатын  кəсіпкерліктің  бір  түрі.  Нарықтық  экономикада  дамыған 
елдердің  бəрінде  де  саны  жəне  сапасы  жағынан  əртүрлі  кəсіпкерлік  фирмалар 
бар.  
Фирмалардың əртүрлі болуы олардың  меншік түріне тікелей байланысты. 
Сонымен  қатар,  кəсіпкерлік  фирмалар  өнім  түрлерінің  əртүрлілігімен,  бəсеке 
жүргізу жағдайы жəне бəсекелестік жолы жағымен ажыратылады. 
Сапалық  көрсеткіштеріне  негізінен  меншік  түрлері  жатады.  Олардың 
ішіндегі жиі кездесетін түрлерін атап өтелік: 
- жеке меншіктегі фирмалар; 
- жауапкершілігі шектелген ұжымдық кəсіпорындар; 
-  мемлекеттік  жəне  муниципалдық  кəсіпорындар  (Батыс  елдеріне  бұған 
мемлекеттік  ұжымдық  немесе  мемлекеттік  жəне  меншіктік  аралас  меншіктегі 
капиталдары бар өнеркəсіптер де жатқызылады); 
-  фирмалардың  филиалдары  мен  өкілдіктері.  Сонымен  қоса  фирмалардың 
сапалық  жəне  сандық  сипаттамалары  бар.  Кəсіпкерлік  фирмалар  сапалық 
жағынан  меншік  түрлеріне  байланысты  болса,  сандық  жағын  жұмыскерлер 
саны мен капиталдың жылдық айналым мөлшеріне қарай ажыратуға болады. 
Өнеркəсіптердің  сандық  параметрі  қызметкерлердің  санына  сəйкес 
төмендегідей бөлінеді (мысалы АКД): 
- ең шағын өнеркəсіптер (қызметкерлер саны 10 аспайды); 
- өте ұсақ өнеркəсіптер (қызметкерлер саны 20 аспайды); 
- ұсақ өнеркəсіптер (қызметкерлер саны 99 аспайды); 
- ірі өнеркəсіптер (қызметкерлер саны 500 астам).  
Басқа  елдердегі  кəсіпкерлік  фирмалардың  түрлерін  ажырату  сандық 
параметрлері жағынан осыған ұқсас. 
Өнеркəсіптер  капиталдың  жылдық  айналым  мөлшеріне  сай  мына 
төмендегідей бөлінеді (Германия): 
-  ұсақ  өнеркəсіптер  (капиталдың  жылдық  айналымы 25 мың  маркадан 
аспайды); 
- орта жəне ірі өнеркəсіптер (25 мың маркадан жоғары). Фирманың сандық 
параметріне қарай олардың жауапкершілігі де өзгереді. Мысалы: ұсақ жəне өте 
ұсақ  өнеркəсіптер,  жауапкершіліктері  шектелмеген  жеке  меншіктегі  фирмалар 
немесе ұжымдық кəсіпорындар тобын айтуға болады. Орта жəне ірі фирмаларға 
көбіне жауапкершілігі шектелген акционерлік қоғамдар жатады. 
Дамыған  елдердің  бəрінде  де  кəсіпкерлік  фирмалардың  əрекеттерін  заң 
қорғайды жəне олардың өнімдері қоғам үшін аса қажетті деп саналады. 
Қазақстан  Республикасында  кəсіпкерлік  фирмалардың  қалыптасуы 
келесідегідей  өтуде:  жеке  меншіктегі  жауапкершіліктері  шектелген  ұжымдар, 
кəсіпорындар  азаматтардың  мемлекеттік,  муниципалдық  жəне  басқа  да 
меншіктегі  кəсіпорындарды  сатып  алу  арқылы  немесе  жаңа  кəсіпорындар 
ұйымдастыру арқылы пайда болуда.  


 
65
Əрбір  меншік  иесі  фирманың  барлық  алған  міндеттемелері  үшін  толық 
жауап береді. Ол фирманың кірістен немесе пайдадан, табыстардан не болмаса 
меншік иесінің жеке жарнасынан пайда болады. 
Нарықтық  экономика  қалыптасқан  елдерде  меншік,  классикалық  жеке 
меншік емес, яғни бір-ақ адамның меншігі сирек кездеседі. Мұндай меншіктер 
көбіне ұсақ кəсіпкерлік түрінде болады.  
Өнімнің  сапасы — бұл  белгілі  мұқтаждықты  қанағаттандыруға  үлкен 
себепші  болатын  өнімнің  пайдалылығының  жиынтық  ерекшелігі.  Өнімнің 
сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды 
экономикалық  санаты  болып  табылады.  Экономикалық  санаты  ретінде  ол 
тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда 
тауардың  пайдалылығы  болса,  ал  өнімнің  сапалылығы — бұл  оны 
пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінде көрінуі. 
Өнімнің  сапа  деңгейі  оның  сапалық  көрсеткіштері  жүйесі  негізінде 
анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның əрбір көрсеткіштерінің сандық 
маңызын білу жəне ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет. 
Бəсекеге  жарамдылығы  өнім  нарықта  жеңіл  жəне  тез  сатылады.  Əрбір 
сатып  алушы  өзінің  жеке  мұқтажында  ең  жоғары  қанағаттандыратын  тауарды 
ғана  алады.  Жалпы  алғанда,  сатып  алушылар  бағалармен  салыстырғанда 
қоғамдық  мұқтажына  толық  сəйкес  келетін  тауарды  сатып  алады.  Сондықтан, 
сатып  алушының  тауарға  деген  қанағаттанушылық  деңгейінде  жеке  дара 
көрсеткіштер жиынтығын құрайды.  
Сапаны басқару жүйесін енгізу кəсіпорында мынадай міндеттерді шешуге 
мүмкіндік береді: 
•жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету; 
•өнім көлемін ұлғайту жəне оны сататын нарықты табу; 
•жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкіндігін қарастыру; 
•өнімнің  бəсекеге  жарамдылығы  жəне  қаржы  жағдайының  тұрақтылығы 
жөніндегі мəселелерді шешу. 
Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң 
стандарттың  үлгілерді,  нұсқауларды  өнімді  əзірлеудегі  талап  əдістемелерді 
нормативтік  құжаттар  ретінде  тағайындау.  Стандарттаудың  басты  міндеті- 
халық  шаруашылығының,  халықтық  еліміздің    базасының,  экспорт  мұқтажы 
үшін  шығарылған  өнімге  үдемелі  талаптарды  анықтайтын,  сол  сияқты  осы 
құжаттарды  дұрыс  пайдалануды  бақылау  нормативтік-техникалық  жүйе  жасау 
болып табылады. 
 Өнімнің  сапасын  басқару  стандарттауға  негізделеді.  Ол  ұлттық 
шаруашылықтың,  халықтың,  қорғаныстың,  экспорттың  қажеттілігі  үшін 
дайындалатын  өнімдерге  үдемелі  талаптарды  анықтайтын  нормативтік-
техникалық негізі болып табылады. 
ƒ Дайындалған  өнімнің  сапасының  түпкілікті  бағалылығы  сертификат 
көмегімен  жүзеге  асырылады,  өнімді  сынауды,  тиісті  сертификат  беруді, 
бағалау  сынағының  көмегімен  кейінгі  өндірістің  жағдайы  үшін  өнімді 
таңбалауды жəне бақылауды білдіреді. 
•Өнімнің  сапасын  басқаруда  нормативтік  актілерді  іске  асыру  сапасын 


 
66
жəне  өнім  қауіпсіздігі  заңдылығын  қамтамасыз  етуде  тиімділік  жүйені 
ұйымдастыруды  талап  етеді.  Шетелдік  жəне  отандық  практиканы  еске  ала 
отырып  құрылған  өнімнің  сапасын  бақылаудың  нормативтік-құқықтық  базасы 
Қазақстан  Республикасының  аумағында  адамдардың  жəне  жеке  тұлғалардың 
құқықтарының бұзылуында құқықтарын жəне мүдделерін қорғаудан тұрады. 
Бiздiң  ұлттық  экономикамыздың  бəсекеге  қабiлеттiлiгiне  оны  əлемдiк 
экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз. Сондықтан да 
Қазақстанның  Бүкiлəлемдiк  сауда  ұйымына  кiруiн  жеделдету  аса  маңызды 
мiндет  болып  табылады.  Бұл  тұста  өзiмiздiң  бүкiл  саяси  жəне  дипломатиялық 
əлеуетiмiздi толығымен iске қосқанымыз абзал. Жалпы, қазақстандық бизнестiң 
қалыптасу  процесi  аяқталып  келедi.  Ол  iшкi  ғана  емес,  сондай-ақ  сыртқы 
нарықтарда  да  күш  сынасу  үшiн  “пiсiп-жетiлдi”.  Ендiгi  жерде  барлық  іс-
əрекеттерімізді  Қазақстанның  ғана  емес,  сондай-ақ  əлемдiк  нарықтардағы 
бəсекелестiк  күреске  дайындауымызды  қажет  етеді.  Қазақстан  капиталының 
шетелге  қозғалысы,  оның  сыртқы  нарықтарды  игеруiн  қолдауды  қажет  етеді. 
Бұл – жаһандық  бəсекелестiктiң  элементi,  сондықтан  шетелдердегi  барлық 
мемлекеттiк құрылымдар отандық бизнеске көмек пен қолдау көрсетулерi тиiс. 
Ээкономикамыздың  бəсекеге  қабiлеттiлiгi,  көбiнесе,  кəсiпорындарымыздың 
халықаралық стандарттарға шұғыл түрде көшуiмен айқындалады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет