Квалиметрия



Pdf көрінісі
бет39/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
treatise8149

Еуропадағы сапа басқару 
Кез  келген  компания  өз  бетінше  бір  мұнара.  Сапаны  басқару  мəселесі 
бойынша  Еуропалық  қор (European Foundation for Quality Management) 
жүйелендірілген  көптеген  сапа  басқару  критерийлерін  ұсынады,  олар  кез 
келген компанияның немесе оның бір бөлімінің қызметін тиімді жетілдіруге зор 
үлес қосады. 
EFQM-нің  əдісінің  қолданылуы  негізінде  Еуропада  сапа  үлкен  дəрежеге 
жетіп отыр. Олар: 
¾ Тұтынушының қанағаттануы; 
¾ Іскерлердің қанағаттануы; 
¾ Қоғамға əсер етуі. 
 EFQM-нің  негізгі  шарттарының  бірі – компанияның  жақсы  дамуы. 
Бизнесті  ұлғайту  үшін EFQM-нің  қолайлы  жүйе  принціпі  қолданылады. 
Мұндағы негізгі қолданылатын əдіс EFQM моделіне сүйеніш болып тұрады. 
 EFQM 
моделі  келесі  түрлерге  шоғырланады:  Назардың  барлығы 
тұтынушыға 
аударылған; 
Жеткізушілермен 
бірлестік; 
Мамандардың 
білімдерінің  жетілдірілуі  мен  олардың  іске  қатысулары;  Фактілер  мен 
процестер;  Үздіксіз  жетілдіру  мен  новаторлық;  Басқару  жəне  мақсатқа  жету; 
Өзара жауапкершілік; Қорытындыларды жинақтау. 
 
Істелген жұмыс нəтижесінің мақсатына жету үшін Саясат пен Стратегия, 
кадрлық  саясат,  ресурстар  мен  процестер  мақсатына  жеру  қажет. EFQM-нің 
əрбір элементі жəне өзінің критерийі болады. Көптеген критерийлер EFQM-де 2 
топқа бөлінеді: 
1.  Жасалынып жатқан іс-шаралар; 
2.  Нəтижелер. 
 
Критерийлерді  көру  үшін  арнайы  кестелер  бар  (пайыз  арқылы 
көрсетілген).  Бұл  пайыздар  сайыста  ұту  үшін  пайдаланылады.  Сіз  өзіңіздің 
балдарыңызды  басқа  Еуропалық  компаниялармен  салыстырып  көре  аласыз. 
Мұның  нəтижелері  басқа  компаниялар  үшін  қол  жеткізерлік. EFQM моделі 
арнайы  критерий  салмағы  Еуропаның  көптеген  жерлерінде  кеңес  беру 
көмегімен  шығарылған  болатын.  Критерийлердің  салмағы  жыл  сайын EFQM 
арқылы қадағаланып отырады. 
 
“Жасалынып жатқан іс-шаралар” критерийлері компанияның мəселелерді 
шешу жолдарын бағалауда  үлкен пайдасын тигізеді. Критерийлердің құралған 
бөлектері  əртүрлі  мəселе  жағдайынан  ажырап  кетуі  мүмкін.  Қажетті 
аймақтарды  қадағалау  компанияның  профиліне  сай  жаңа  аймақтар  кіреді,  ең 
соңында компания аймақтар қатарын өзі орнатады. 
Топтың  критерийлері  “нəтиже”  мақсатына  жетті  немесе  мақсатына  жетуде 
бағалауға мүмкіндік береді. Əр критерий бұл топтан міндетті түрде ақпаратпен 
қамтамасыз етіледі. Бұлар: 
¾  Компанияның нəтижеге жетуі; 


 
60
¾  Компанияның алдына қойған мақсатты орындауы: 
¾  Делдалдардың нəтижеге жетуі; 
¾  Басты компанияның өзіндік нəтижеге жетуі.  
 
Сенімді  көрсеткіштері  жинақталған  ақпарат  міндетті  түрде  қарастырылуы 
қажет. 
Бүгінгі  таңда  ұлтаралық  сыйлық  беру  сапа  бойынша  ондаған 
мемлекеттерде бар, оның ішінде Ресей де. Ресейлік сапа сыйақысы 1996 жылы 
сəуірде  пайда  болған.  Сол  уақыттан  бастап  біздің  мемлекет  əр  жыл  сайын 
сыйақысының  сынақтан  өтіуі  тиіс.  Осылай  əр  елдердің  сапа  басқару  əдістерін 
қарастырамыз, онда сапа басқарудың əдістері өнімге сертификат беру негізінде 
меңгеріледі. Осы жерде өнімнің сертификатының халықаралық тəжірибеде екі 
түрі  бар  екендігін  айта  кетуіміз  керек.  Бірінші  түрі,  үшінші  жақ  тарапынан 
сертификаттау;  екінші  түрі  өндірушінің  мəлімдемесі,  яғни  өндіруші  немесе 
дайындаушы өзінің шығарған өніміне тікелей сертификат беруі. Алғашқы түрін 
отындық  өнімдеріміз  қолдануды.  Қазақстан  Республикасы  үшінші  тəуелсіз 
ресми органның көмегімен тікелей жұмыс атқарады. Сапа басқарудың əдістері 
тіпті,  сертификаттауға  тікелей  байланысты  десек  те  болады.  Сапа  басқару 
əдістерінің негізгі тетігі ретінде сертификат болғанымен, ол басқару əдістерінде 
маңызды рөл атқарады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет