Квалиметрия



Pdf көрінісі
бет36/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
treatise8149

 
Сапа саласындағы саясат 
Сапа  саласындағы  кəсіпорынның  бағыты  сапа  саласындағы  саясатта 
көрінеді.  Сапа  саласындағы  саясат  келесідегідей  қызмет  приціптері  бойынша 
жасалады: 
• Кəсіпорын  жағдайының  экономикалық  жағынан  жақсаруы  нəтижесінен 
өнім 
сапасының 
жақсаруы 
жəне 
тұтынушылар 
сұраныстарының 
қанағаттандырылуы; 
• Жаңа нарық сегменттерін табу немесе жоғары сапа есебінен өнімді өткізу 
көлемінің ұлғаюы; 
• Бəсекелестерге  қарағанда  өнімнің  жоғарғы  техникалық  деңгейіне  қол 
жеткізу; 
• Өткізу  нарығында  сұраныстарды  анықтайтын  өнімнің  негізгі 
көрсеткіштерінің жақсаруы; 
• Сапаны  жоғарылату  бойынша  қызметке  жұмысшылардың  қатыстыру 
есебімен ақаулық деңгейді төмендету. 
Сапа  саясат  құжаты  ретінде  жазылады  жəне  бөлек  құжат  ретінде 
қарастырылуы мүмкін. 
ИСО 9001 стандартында сапа үшін басшылықтың жауапкершілік дəрежесі 
анықталады.  Фирма  басшылығы  анықталып,  құжатқа  толтырылатын  сапа 
саласындағы саясаттың жасап шығарылуына, құрылуына ендірілуіне жəне сапа 
жүйесінің  қызмет  етуіне  жауапты.  Басшылықтың  міндеттеріне  мамандарды 
таңдау;  өндірістік  сынау  өлшеу-бақылау  үшін  қажет  ресурстарды  бөлу  ЭЕМ 
бағдарламалық  қамтамасыз  ету  жатады.  Басшылық  қызметкерлердің  қажетті 
білім деңгейін белгілеп, біліктілігін жоғарылатуды қадағалайды.  
Фирма  басшылығы  нарықтың  тұрақтылығына  əсер  ететін  сапа 
көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Тұтынушыға пайдалы жаңа қызмет түрлері 
немесе жаңа өнімді өндіруге шешім қабылдауға жауапты.  
Шетел  фирмаларда  жəне  отандық  кəсіпорындарда  бірінші  басшылыққа 
бағынатын  сапа  бойынша  менеджерлер  болады.  Олар  сапа  жүйесін  енгізумен 
жəне құрумен айналысады. 
Кəсіпорында  əрбір  жұмысшыға  тапсырмалары,  жауапкершілігі  жəне 
уəкілеттілігі түсіндірілетін қызметтік ережелері жасалуы керек. 
Сапа жүйесінің ерекшелігі оның құрылымы бойынша жүйені ішкі тексеру, 


 
56
сараптау жəне тиімділігін бағалауында. 
СМЖ-ң 
ішкі 
тексерулері 
арнайы 
дайындықтан 
өткен 
фирма 
басшылығымен  тағайындалатын  арнайы  мамандар  көмегімен  жүзеге 
асырылады. Осындай тексерулер жоспар бойынша немесе ақауларды анықтаған 
кезде жəне фирмада ұйымдық өзгерістер болған жағдайда жүргізіледі. 
Ұйымдастыру  реті  мен  тексеру  жүргізу  СМЖ-ң  құжатталған 
процедурасында анықталуы қажет. Бұл құжаттарда тексертудің нысандары мен 
тəсілдері,  тексерудің  қайталануын;  жұмысшыларға  талаптар;  тексеру 
жүргізудің  реті  т.б.  Тексерудің  нысандары,  əдетте,  өнім  сапасының 
параметрлері,  СЖ-ң  ұйымдық  құрылымы  болып  табылады.  Тексеру  нəтижесі 
бойынша есеп дайындалады. 
Басшылық қызмет ететін сапа жүйесі тиімділігіне сараптау жүргізу қажет. 
Сараптаудың  мақсаты  өзгерген  сыртқы  жағдайлармен  анықталады,  мысалы, 
тауардың жаңалығы жəне оны нарыққа өткізу. Сараптау, əдетте, басшылықтың 
тағайындауымен  немесе  тəуелсіз  мамандармен  жүргізіледі.  Қызмет  ететін 
жүйеге  өзгерістерді  енгізген  кезде,  өнім  сапасын  жоғарылатудағы  ғылыми-
техникалық бағдарламаға енгізілуі мүмкін. 
Сапа менеджменті жүйесі келесі топтарға сəйкес болу керек: 
• өнімге  жəне  қызметке  деген  тұтынушылар  талаптары  қанағаттандыруы 
қажет. 
• ақаулар  шыққаннан  кейін  анықталмай,  алдын-ала  қарастырылуы  керек. 
Егер  ақау  немесе  талаптарға  сəйкессіздік  жіберілген  болса,  онда  жүйе  оларды 
анықтауды қамтамасыз ету қажет; 
• жүйе  келесі  өндіріске  немесе  тұтынуға  ақаулы  өнімді  немесе  сəйкес 
келмейтін өнімді жібермеуге кепілдік беру қажет;  
• жүйе  өнімнің,  өндірістің,  жүйенің  үздіксіз  жақсартуын  қамтамасыз  ету 
қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет