Квалиметрия



Pdf көрінісі
бет33/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
treatise8149

БСҰ – на кірудің оң факторлары: 
9  Қазақстан  тауарларына  БСҰ–на  мүше  елдердің  нарықтарына  шығу 
мүмкіндігі,  яғни  өткізу  нарықтарының  кеңеюі.  Қазақстан  тауарлары  БСҰ–на 
мүше  елдермен  тең  құқықтылығы,  елімізден  экспортталатын  тауарларға  саны 
мен  көлеміне  шектеу  қойылмауы,  антидемпингтік  жəне  басқа  да 
дискриминациялық мінездегі салымдардың болмауы; 
9  Халықаралық стандарттарға сай қолайлы жəне ішкі заң ортасын құру; 
9  Шетел  қаржыларын,  өңдеуші  өнеркəсіпке  ноу-хау  мен  жаңа 
технологияларды тартуда бірігіп қызмет ету; 
9  Тұтынушыға ұсынылатын тауардың көлемі мен сапасын арттыру; 
9  Экономикалық  өсуді  ұзақ  мерзімді  сауда-саттық  жоспары  негізінде 
ынталандыру жəне т.б.; 
БСҰ– на кірудің теріс факторлары: 
9  Көпжақты  келіссөздер  негізінде  неғұрлым  ауқымды  өндірушінің 
ұстанымы мен көзқарастарының қолдау табуы; 
9  Саудада кей жағдайларды ескермегенде, көлемдік шектеудің болмауы; 
9  Тауар  мен  қызмет  сату  аясын  зерттеуде  жаңа  шаралар  енгізудің 
шектеулілігі; 
9  Бəсекелестіктің  күшеюі  жəне  экономиканың  неғұрлым  сезімтал 
секторлары 
жағдайының 
нашарлауы. 
Бұл 
бірінші 
кезекте 
ауылшаруашылығын,  тамақ  жəне  жеңіл  өнеркəсіпті,  қызмет  саласының 
жекелеген секторларын қамтиды.  
Бағдарламаның мақсаты болып: 
9 Қазақстан  Республикасының  халықаралық  тəжірибелерге  көшуіне 
қолайлы  жағдай  туғызатын,  өз  құрамына  стандарттау,  сəйкестікті  бағалау, 
сапаны  басқару,  аккредитациялауды  жетілдіретін  техникалық  реттеу 
саласында атқарылатын жұмыстар легіне көшу; 
9 əлімдік нарықтарға шығуға қолайлы жағдай туғызу үшін мемлекеттік 
бақылау жəне реттеу; 
9 сонымен  бірге  БСҰ–на  мүше  болуға  қолайлы  жағдай  жасау  болып 
табылады.  
Негізгі міндеттер болып: 
9  стандарттау,  сертификаттау  жəне  сапаны  басқару  саласында  бірегей 
мемлекеттік саясат жүргізуді қамтамасыз ету; 
9  техникалық реттеудің халықаралық моделіне көшу; 
9  салалардағы  стандарттау  жұмыстарын  жетілдіруге  қолайлы  жағдай 
жасау; 
9  Қазақстанның  БСҰ–на мүше болуына қолайлы жағдай жасау; 


 
53
9  əлемдік  нарықтарда,  республикада  өткен  өнімнің  сəйкестігін  бағалау 
нəтижелерін мойындауына қолайлы жағдай жасау;  
9  отандық өнімдердің сапасы мен бəсекелік қабілетін арттыру; 
9  аумақтық, мемлекеттік, халықаралық деңгейлерде біртұтас ақпараттық 
аймақты біртіндеп құру; 
9  мамандардың біліктілігін (квалификациясын) көтеру; 
9  халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды жандандыру. 
Бағдарламаны  орындаушылар  Қазақстан  Республикасының  индустрия 
жəне  жаңа  технологиялар  министрлігі,  министрліктер  мен  ведомствалар. 
Қаржыландыру көзі болып мемлекеттік бюджет табылады.  
Бағдарлама  толық  орындалған  күнде  келесі  жетістіктерге  қол  жеткізуге 
болады. Атап айтқанда: 
 
мемлекеттік  жəне  халықаралық  стандарттар  негізінде  бəсекелік 
қабілетін жəне тұтынушылық қасиеттерін арттыру; 
 
стандарттарды  халықаралық  талаптарға  теңестіру  арқылы  саудадағы 
техникалық кедергілерден құтылу; 
 
техникалық реттеу, стандарттау жəне сəйкестікті бағалау жұмыстарын 
халықаралық тəжірибеге біртіндеп алмастыру; 
 
салаларда  стандарттау  қызметтерін,  жаңа  техникалық,  оның  ішінде  
халықаралық деңгейдегі комитеттерді құру; 
 
жергілікті,  ұлттық  жəне  халықаралық  ұйымдармен  əріптестікті 
нығайту; 
 
біртұтас ақпараттық аймақ құру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет