Квалиметрия


Тауар сапасының бəсекеге жарамдылығы



Pdf көрінісі
бет30/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
treatise8149

 
Тауар сапасының бəсекеге жарамдылығы 
Нарықтық  жағдайда  тұтынушының  қанағаттануы  тауарға  деген  өзінің 
ерекшелігінің  жиынтығы  сатып  алу,  сату  актісінде  көрінеді.  Мұндай 
ерекшеліктің  өндіруші  мен  тұтынушының  мүдделерінің  сақталуы  негізінде 
тауарлар  жəне  тұтынушылар  талабының  сипаттамасын,  сол  сияқты  нарық 
жағдайында тауардың толық сəйкестігін бəсекеге жарамдылығы деп атайды. 
Өнімнің  бəсекеге  жарамдылығы  ерекше  жағдайын  қанағаттандыруына 
мүмкіндік  беретін  тұтыну  кешенінің  (сапалық  жəне  сандық)  сипаттамасын 
анықтайды.  Бəсекеге  жарамдылығы  өнім  нарықта  жылдам  жəне  тез  сатылады. 
Əрбір  сатып  алушы  өзінің  жеке  мұқтажына  ең  жоғары  қанағаттандыратын 
тауарды  ғана  алады.  Жалпы  алғанда,  сатып  алушылар  бағалармен 
салыстырғанда  қоғамдық  мұқтажына  толық  сəйкес  келетін  тауарды  сатып 
алады.  Сондықтан,  сатып  алушының  тауарға  деген  қанағаттанушылық 
деңгейінде  жеке  дара  көрсеткіштер  пікір  жиынтығын  құрайды,  ол  тағы  да 
нарықтың пайда болу негізінде қалыптасады. 
Сонымен,  тауарға  бəсекенің  жарамдылығын,  оның  сапалық  жəне  құндық 
сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы 
мұқтажын  қанағаттандыруды  қамтамасыз  етеді  жəне  сатып  алушы  үшін 
тиімділігі ұқсас тауар — бəсекелестік болып ерекшеленеді. Осындай маңызды 
көрсеткішті  анықтаудың  бірнеше  тəсілдері  белгілі.  Олардың  ең  көп 
таралғандарына қысқаша тоқталайық. 
Бірінші  тəсіл.  Техникаға  бəсекенің  жарамдылығын  анықтайтын  белгісі - 
бұл  тауарды  тұтыну  бағаны  болып  табылады.  Ол  мынадай  өрнекпен 
анықталады: 
 
Б
т 
 = Б
с
 Ш
т 
 


 
47
мұндағы,  Б
т
 — тұтыну  бағасы,  Б
с
 — сатылу  бағасы,  Ш
т
 — бұл    өнімді 
тұтынушылардың  шығындары  (оның  барлық  нормативтік  мерзім  ішіндегі 
қызметі). 
Екінші тəсіл. Тауардың бəсекеге жарамдылығын анықтағанда бұл тəсіл екі 
өлшемді  еске  алуы  мүмкін;  өнімнің  өзіндік  құны,  тауарды  сату  жəне  оның 
сапалылық  деңгейі.  Сөзсіз,  бəсекеге  жарамдылығы  жоғары,  егер  сапа  деңгейі 
бəсекелес  тауарға  қарағанда  жоғарылау  болатын  болса,  онда  оны  өндіруге, 
сатуға кеткен шығындар ең төмен тауарлар болып табылады. 
Үшінші тəсіл. Бұл тəсіл техниканың деңгейін жəне сату бағасын есепке ала 
отырып,  бəсекелестік  тауарларды  қалыптастыруға  негізделген.  Бұл  тəсілге 
сəйкес  ретінде  салыстырмалы  сапаның  сандық  көрсеткіштерінің  деңгейі  жəне 
базалық үлгілер (тауар) мына өрнекпен анықталады: 
 
КК = КК
э
 КК
т
 КК
с 
 
мұндағы,  КК — тауар  деңгейінің  кешенді  көрсеткіші;  КК
э
 — эстетикалық-
эргономикалық  деңгейінің  кешенді  көрсеткіші;  КК
т
 — техникалық  деңгейдің 
кешенді көрсеткіші; КҚ
с
 — көрсеткіш кешенінің сенімділігі. 
Төртінші  тəсіл.  Бұл  тəсілде  бəсекеге  жарамдылықтың  техникалық  деңгейі 
қаншалықты,  соны  экономикалық  параметрмен  салыстыру  негізінде 
анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай 
ең  жоғары  деңгейде  қызығушылық  танытқандарды  таңдайды.  Нарыққа  көшу 
негізінде, сапа жəне өнімнің бəсекеге жарамдылығы жөніндегі мəселеге жаңаша 
қарауға  мəжбүр  етеді.  Ол  ертең  бəсекелестік  нарығының  дамуында  өнімнің 
сапалық даму серпінін жəне деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет