Квалиметрия


Стандарттау - өнім сапасын басқарудың ұйымдық-техникалық негізі



Pdf көрінісі
бет26/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
treatise8149

 
Стандарттау - өнім сапасын басқарудың ұйымдық-техникалық негізі  
Елімізде  өнім  сапасын  басқарудың  кешенді  жүйесі  дамуда.  Өнім  сапасын 
кешенді  басқару  жүйесі  кəсіпорын  стандарты  негізінде  құралған,  олар 
мемлекеттік  жəне  салалық  стандартына  сай  енгізілген.  Кəсіпорын  стандарты 
өнім сапасын көтеру мақсатымен ұйымдық, техникалық жəне экономикалық іс-
шаралардың мазмұны мен ретін сипаттайды. Бұл стандарттар əр жұмысшының 
əрекетінің  дұрыстығы  мен  жауапкершілігін  енгізеді.  Стандартқа  енгізілген 
көрсеткіштер  əр  жұмысшының  өнім  сапасын  жақсартуға  жұмсаған  еңбегін 
дұрыс бағалауға мүмкіншілігін береді.  
Стандарттау  жəне  басқарудың  басқа  деңгейлері  мен  өнім  сапасын 
көтерудің беделді рөлін атқарады. 
Стандарттар техникалық деңгей мен өнім сапасының талаптарын бекітеді, 
жаңа  өнім  өндірісінің  қолдану  сапасын  бақылау  əдістері  мен  ережелерін 
анықтайды. Өлшеу техникасының жағдайын мемлекеттік басқару мен стандарт 
талаптарының  сақталуын  ұйымдастырады  жəне  іске  асырады.  Стандарт 
негізінде мемлекеттік метрологиялық қызметі ұйымдастырылады. Стандарттау 
қызметінде  ірі  масштабтағы  салада  кəсіпорын  мен  бірлестікті,  сонымен  қатар 
ауыл  шаруашылықта  бірыңғай,  прогрессивті  сапаға  қатысты  талаптарды 
орнатумен,  өндіріс  үрдістерінің  элементтерімен  анықталады  жəне  де  əртүрлі 
өндірістердің арақатынас ережелері мен нормаларын анықтайды.  
Стандартта  негізінен  өнімнің  техникалық  деңгейі  мен  сапасы  көтеріледі, 
жаңа өнім шығару мен оның өндірісіне дайындық мерзіміне қысқарады, еңбек 
көлемі мен өзіндік құны өседі. 
Стандарттау тек өндірісті ұйымдастырып қана  қоймай,  жаңа  қолданылған 
стандарттарды  қайта  қарау  кезінде  жаңа  өндіріс  неғұрлым  жоғарғы  ұйымдық-
техникалық деңгейге көшкендіктен оларды басқаруды қамтамасыз етеді.  
Басқарудың əртүрлі деңгейіндегі стандарттаудың мінездемесі мен əсер ету 
бағыты  барлық  категориядағы – мемлекеттік,  салалық,  кəсіпорын 
стандартының тікелей байланысымен анықталады. 
Өнім сапасын басқарудың негізгі рөлі – кешенді стандарттаудың жоспарын 
қарастыру əдісі болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет