Квалиметрия


Сапа көрсеткіштерінің түрлері



Pdf көрінісі
бет22/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
treatise8149

Сапа көрсеткіштерінің түрлері 
Тағайындау  көрсеткіштері  қолдану  аймағын  орындау  үшін  негізгі 
функцияларды  орындайтын  өнім  қасиеттері  сипатталады.  Тамақ  өнімдерінің 
тағайындалу  көрсеткіші  өнімдердің  энергетикалық  құндылығы  өнім  құрамы 
мен құрылымы(белоктық, витаминдік, минералдық, ароматтық жəне т.б.) болып 
табылады.  Өнім  құрылымын  сипаттайтын  тағайындалу  көрсеткіші  ішінен 
құрылымын  қалыптастыратын  əртүрлі  тағамдық  заттарды  атап  кетуге 
болады(эмульгаторлар,  тұрақтандырғыштар,  су  байланыстырушы  қосымшалар 
жəне т.б.). Өнім құрамы (белок, май, көмірсулар жəне т.б.) ең алдымен өнімнің 
тағамдық  құндылығын  сипаттайды,  оның  энергетикалық  жəне  биологиялық, 
яғни,  қатты,  нəзік,  жұмсақ  жəне  т.б.  кең  қолданылады.  Тағайындалу - бұл 
физиологиялық  жəне  əлеуметтік  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  қабілеті. 
Тағайындалу көрсеткіші мынадай түрлерге бөлінеді: 
1)  Функционалдық  тағайындалу – тағайындалуға  сəйкес  (материалдық 
жəне рухани) өз функцияларын тауарлармен қамтамасыз етуді орындайды. 
2)  Əлеуметтік  тағайындалу – жеке  немесе  қоғамдық-əлеуметтік 
қажеттілікті тауарлармен қанағаттандыру қабілеті. 


 
34
3)  Жіктемелік  тағайындалу – бірқатар  көрсеткіштер  мен  қасиеттердің 
жіктелу қасиеттері ретінде шығу қабілеті (майлылығы). 
4)  Əмбебап  тағайындалу – адамға  пайдалы  қосымша  функциялар 
көрсетілген 
тағайындалу 
бойынша 
нақты 
тауарларды 
қолданудың 
мүмкіншілігін жəне жағдайын қамтамасыз ету диапазоны. 
Өндірістік-техникалық  өнімдер  үшін  негізгі  көрсеткіш  ретінде  өнімділік 
көрсеткіші  алынады.  Ол  бағаланатын  өнімнің  көмегі  арқылы  шығарылатын 
өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет. 
Сенімділік  көрсеткіштері  өнімдердің  төзімділігін,  ұзақ  уақыт  сақталуын, 
жөндеуге  жарамдылығын  көрсетеді.  Сенімділік  пен  техникалық  қызметте 
сақтауда  жəне  тасымалдауда  берілген  мерзімде  талап  етілетін  функцияларды  
орындау қабілетін сипаттайтын уақыты мен орнатылған барлық параметрлерді 
сақтайтын  объектілердің  қасиеттерімен  түсіндіріледі.  Өнімді  сенімділік 
көрсеткіші  нормативті-техникалық  құжатта  бекітілген  қатаң  анықталған 
температуралық  жəне  ылғалдылық  мерзімнің  анықталған  уақыт  бойы 
дайындалуымен 
кепілденетін 
сақтағыштығы 
болып 
табылады. 
Ал 
стандартталмаған өнімдер үшін сапаның сақталу қасиеті ҚР Денсаулық сақтау 
министрлігімен  бекітілген  санитарлық  нормалар  мен  ережелерге  сəйкес 
орнатылады. 
Сенімділік көрсеткішіне: 
Ұзақтығы-техникалық  қызметтің  жəне  жөндеудің  орнатылған  уақыты 
немесе  шектелген  жағдайы  пайда  болуға  дейін  тауарлардың  жұмыс  қабілетін 
сақтай алу қабілеті. Ұзақтылық көрсеткіштері:  
• өткізу  мерзімі – тауардың  белгілі  уақытта  өзінің  негізгі  функцияларын 
орындауы; 
• ресурс - бұл  нормативті  құжатта  бекітілген  тауарлардың  өткізілуінің 
шектелген мүмкіншілігі. 
Қарсылық  көрсетпеу – тұтынушыда  пайда  болатын  жəне  зиянды 
факторлардың  əсерінен  адамды  жəне  қоршаған  ортаны  қорғау  деңгейін 
сипаттайды. 
Жөндеуге  жарамдылығы – анықталған  мерзімде  еш  шығынсыз 
тауарлардың өзіндік сапалы жəне сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті. 
Сақтағыштығы – белгілі  мерзімде  шығынсыз  тауардың  өзіндік  сапалы 
жəне сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті. 
Технологиялық  көрсеткіштер  өнімдерді  шығарудағы  жəне  жөндеудегі 
еңбек  өнімділігін  арттырудың  конструкторлық-технологиялық  шешімдердің 
тиімділігін  көрсетеді.  Бұл  көрсеткіштер  арқылы  жаппай  өнім  шығаруға, 
өндірісті  технологиялық  дайындау,  өнімді  шығару  жəне  сату  барысында 
материалдар  мен  еңбек  құралдарын,  уақытты  тиімді  пайдалануға  жағдай 
жасайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет