Квалиметрия


Бəсекеге қабілеттілік туралы жалпы мəліметтер



Pdf көрінісі
бет28/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
treatise8149

Бəсекеге қабілеттілік туралы жалпы мəліметтер 
Тауардың  бəсекелестік  қабілеттілігі  белгілі  бір  уақыт  сəтінде  оның  сол 
нарықтағы сəтті сатылу мүмкіндігі. Қазіргі заманғы нарықта тауар бəсекелестік 
қабілеті  бар  болып  саналады,  егер  ол  нақты  сатып  алушыға  есептеле  отырып 
жасалатын болса. Өткізілмеген тауар, тіптен егер ол стандартқа сəйкес келсе де, 
егер  оның  технологиясы  жақсы  жасалса  да,  ал  дайындаушы  оны  жоғары 
бағаласа да сапалы тауар болып саналмайды. 
Бəсекелестік  қабілеттілік  бірқатар  факторларға  байланысты  болады: 
тауардың сапасына жəне оның жаңалығына; төлем жағдайына; тауарды жеткізу 
мерзіміне;  оны  жарнамалауды  жəне  оған  шығарылған  шығындарды 
ұйымдастыру;  салық  мөлшерлері  жəне  соған  ұқсас  тауарларға  нарықтық 
кедендік  салық;  халықтың  төлем  қабілеттілігіне;  техникалық  қызмет  көрсету 
деңгейіне;  қосалқы  бөлшектердің  нарықта  болуына  жəне  т.б.  Алайда, 
бəсекелестік  қабілеттіліктің  негізгі  көрсеткіштері  тауардың  сапасы  жəне  жəне 
оның  жаңалығы  болады.  Қазір  фирманың  немесе  бүкіл  өнеркəсіптік  саланың 
жұмыс  істеуінің  негізгі  жағдайы  мыналар  болып  саналады: «бəсекелестік 
қабілеттілік – коммерциялық  сəттілік  кілті».  АҚШ-тың 200-ден  астам  ірі 
фирмалардың  зерттеулері  негізінде  сауалнама  қойылған  кезде  пайдалы  баға 
бойынша тауарды сату үшін негізгі фактор бұйымның сапасы болып табылады 
делінген. Бір де бір фирма тауардың бағасын бірінші орынға қоймады. 
Тауардың  бəсекеге  қабілеттілігінің  ең  ортақ  тұжырымдамасы  мынадай: 
«Бəсекелестік қабілеттілік деп тауардың нарықтағы сатылу сəттілігін, яғни, осы 
тауардың  басқа  бəсекелес  ұқсас  тауарларға  айырбастауға  кең  ұсыныс  түскен 
жағдайдағы  ақшаға  айырбасталуы  мүмкін  қабілеттілігі  бар  тауардың 
тұтынушылық  жəне  құндық  кешені  түсіндіріледі».  Тауардың  бəсекеге 
қабілеттілігін  бағалау  бірқатар  факторларды  зерттеуді  жəне  талдауды  талап 
етеді. Олар: 
9  Ішкі жəне сыртқы нарық талаптарын жəне ең алдымен онда сатылатын 
бұйымдардың сапасына; 
9  Ішкі  жəне  сыртқы  нарықта  сұранысқа  ие  өнімдерді  жасау  жəне 
дайындаудың негізгі бағыттарына; 
9  Нақты бұйымдарды сатудың болашағына; 
9  Сатуға арналған өнімнің бағасына; 
9  Өнімді аттестаттау жəне сертификаттау мүмкіндігіне; 


 
43
9  Тұтынушыға  ұсынылатын  (соның  ішінде  шетелдік)  тауарды 
жарнамалау сапасы жəне деңгейіне. 
Тауардың  бəсекеге  қабілеттілігінің  экономикалық  көрсеткіштерін  есептеу 
негізіне  бір  жолғы  жəне  эксплуатациялық  (ағымдағы)  шығындардан  тұратын 
тұтынушының  толық  шығындарын  салыстыра  қойылуы  мүмкін.  Бір  жолғы 
шығындар - өнімді  алуға  (нақты  баға),  кедендік  баж  салығы  жəне  басқа 
алымдарға  шығындар,  тасымалдауға,  жинақтауға  жəне  іске  қосуға  кеткен 
шығындар.  Эксплуатациялық(ағымдағы)  шығындарға  мыналар  кіреді:  өнімге 
қызмет  көрсететін  қызметкердің  еңбек  ақысы,  отын  мен  қуатқа  шығындар, 
жөндеуге кеткен шығындар жəне т.б.  
Өнімнің бəсекелестік қабілеттілігін бағалаудың бірқатар басқа əдістері бар, 
мысалы, бағалық, салыстырмалы құны бойынша, салыстырмалы пайдалылығы 
бойынша. Бағалық əдіс кезінде тауар, егер оның сатылу бағасы, дизайны жəне 
сапасы    нарықта  ұсынылған  осыған  ұқсас  тауарлардың  сипаттамасынан  кем 
қалмаса,  бəсекеге  қабілетті  деп  саналады.  Салыстырмалы  құны  бойынша 
бəсекеге  қабілеттілік  бірегей  валютада  саналған  салыстыратын  фирмалардың 
өңдеу  өнеркəсібіндегі  еңбек  бірлігінің  салыстырмалы  құны  ретінде 
түсіндіріледі.  Салыстырмалы  пайдалылық  бойынша  бəсекеге  қабілеттіліктің 
өлшемі компанияның пайдасының нормасы болып табылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет