Квалиметрия


Өнімнің бəсекеге қабілеттігін арттыруда стандарттау мен



Pdf көрінісі
бет31/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
Байланысты:
treatise8149

Өнімнің бəсекеге қабілеттігін арттыруда стандарттау мен 
сертификаттаудың маңыздылығы 
Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі 
мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен 
оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.  
Республикамызда өндірілетін жəне шет елдерден əкелінетін азық-түлік пен 
тағамдық  өнімдердің,  шикізаттардың  адам  өмірі  үшін  қауіпсіз,  сапасы  да 
сұраныс  деңгейінде  болуы  тиіс.  Өндірілетін  өнімнің  жəне  көрсетілетін 
қызметтің  сапасы  тұтынушылардың  сұраныс  талабына  сай  болуы  үшін, 
өндірілетін сапа көрсеткіштерін жəне өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, 
жоғары  сапалы  тауар  шығаруға  жəне  ол  өнімдердің  сапасы  ішкі  жəне 
халықаралық бəсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет. 
ҚР-ның  мемлекеттік  сертификаттау  жүйесі  мынадай  қағидаларды 
ұстанады: 
• өнім туралы мəліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету; 
• өндіруші мен тұтынушының тəуелсіздігі; 
• сынақтың кəсіби түрде өтуі; 
• шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау; 


 
48
• өтініш  берушінің  сертификаттау  органын,  сынақ  зертханасын  таңдап 
алуға еріктілігі жəне сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі; 
• сертификаттау  туралы  ақпараттың  ашықтығы  немесе  сертификат 
уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат; 
• сертификаттау  нысандарының  ерекшелігін  ескере  отырып,  өндіру  жəне 
тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тəсілінің көптүрлілігі; 
• сертификаттау 
жұмысында ISO/ХЭК 
аймақтық 
ұйымдардың, 
халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану; 
• ҚР  қатынасатын  көп  жақты  жəне  екі  жақты  келісімдері  бар  шетелдік 
сертификаттау  органдарының  аккредиттелген  сынақ  зертханаларының 
сертификатталатын жəне сəйкестік белгісін ҚР-да тану. 
ҚР-ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мəліметі бойынша еліміздегі 
өндірілетін  өнімнің 70%-ы  сертификатталады.  Қазақстанда  міндетті  түрде 
сертификаттауға  жататын,  қауіпті  деп  саналатын  өнімнің  үлесі 85%-ды 
құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мəселелердің 
біріне айналды. 
ISO Халықаралық Ұйымының сертификаттау саласындағы негізгі қызметі 
–  ұйымдастырушылық-əдістемелігімен  қамтамасыз  ету.  Қазіргі  таңда  бұл 
аумақта  сапа  жəне  сертификаттау  комитеті  (ССК)  жұмыс  жасайды.  Бұл  ұйым 
халықаралық  электр  комитеті  (ХЭК),  халықаралық  сауда  орталығы  (ХСО), 
БҰҰ,  сауда  жəне  өркендеу  конфедерациясы  ұйымдарымен  бірігіп  жасаған 
“Сертификаттау  принципі  мен  тəжірибесі”  жасаған  зерттеулері  нəтижесінде 
құрылды.  
ССК ұйымына 50 ел қатысады. Олардың қызметіне: əртүрлі елдерде өнімді 
бағалау  жəне  сапаны  қамтамасыз  ету  жүйесінің  тəсілдерін  зерттеу;  өнімдерді, 
процестерді,  қызметтерді  сонымен  қатар,  сынақ  лабораторияларының 
сертификаттау  органдарының  сапа  жүйесін  қамтамасыз  етудегі  сынақ 
басшылығын,  инспекциялық  бақылауды  сертификаттауды  дайындау;  ұлттық, 
аймақтық  сапа  жүйесін  қамтамасыз  ету  жəне  халықаралық  сынақ 
стандарттарын  сынауды,  бақылауды,  сертификаттауды  өзара  тануда  көмек 
көрсету. 
ISO сертификаттау саласында ХЭК пен бірге жұмыс жасауда негіз болатын 
ISO/ХЭК 28 нұсқауы “Үшінші жақпен өнімді сертификаттаудың жалпы типтік 
ережесі” ұлттық сертификаттау жүйесінің негізі ретінде пайдаланылады. 
ҚР-да  өнімнің  сапасын  қамтамасыз  ету  үшін  Техникалық  реттеу  жəне 
метрология  комитеті  жұмыс  істейді.  Бұл  орган  мемлекеттік  стандарттарға 
сəйкес  талаптардың  дұрыстығына  бақылау  жасайды.  Осы  органнан  басқа 
өнімнің  сапасын  бақылауда  сапаны  мемлекеттік  реттеу  жəе  бақылаудағы 
экология  жөніндегі  инспекция,  халықаралық  санитарлық-эпидемиологиялық 
шарттарды  орындауы,  өнеркəсіп  комитеті  жəне  т.б.  Бұл  жоғарыда  аталған 
органдарды  сапаны  реттеудегі  мемлекеттік  институттарға  жатқызуға  болады. 
Олар  өз  қызметтерін  сапаны  реттеу  жөніндегі  заңдық  актілері  негізінде 
жүргізеді.  Оларға: “Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау”, “Техникалық 
реттеу туралы”, “Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы” заңдары 


 
49
жатады. 
  Стандарттау  басқарудың  нормативтік  əдістерімен  сипатталады.  Ол 
нысандарға  белгілі  бір  нормалар  мен  ережелер  арқылы  əсер  етеді  жəне 
нормативтік құжат түрінде жазылып, заңдық күшке ие құжат болып табылады. 
ISO сериялы стандарттар өнімнің жасалу процесіндегі өнім сапасына əсер 
ететін  заңдық  базаларын,  тұтынушылардың  рөлін,  талаптарының  сақталуына 
кепілді береді. 
Өнімдер,  қызметтер  мен  процестерді  ҚР-ның  заңнамасына  сəйкес 
стандарттаудың  мақсаты  келесідегідей:  өнімдер  мен  қызметтерге  нормалар 
белгілеу;  қоршаған  ортаны  қорғау,  өнімнің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету; 
өнімнің  бəсекегеқабілеттілігін  сыртқы  жəне  ішкі  нарықта  қамтамасыз  ету; 
өлшем  бірліктерді  қамтамасыз  ету;  барлық  ресурстарды  сақтау  жəне  тиімді 
пайдалану;  Еліміздің  қорғаныс  қабілетін  қамтамасыз  ету;  сапа  төңірегінде 
тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау. 
Сапаны  қамтамасыз  етуде  жоғарыда  аталған  заңнамалардан  басқа, 
Үкіметтің  “Сапасыз  тауарлардың  ҚР  территориясында  кіруіне  кедергі  жасау” 
қаулысы  да  қызмет  етеді.  Бұл  Үкімет  қаулысы  ҚР-на  келетін  сапасыз  импорт 
тауарларының жойылуына, тұтынушыларды сапасыз тауарлардан сақтауға қол 
жеткізеді.  ҚР  территориясына  импорт  тауарлары  келесідегідей  жағдайда 
енгізілмейді: 
• егер  өнім  сертификатталатын  өнімге  жататын  болса  жəне  ол  өнім 
сертификатталмаған жағдайда; 
• өнім қорабында мемлекеттік жəне орыс тілінде ақпарат берілмесе (тауар 
түрі,  өндірілетін  ел  жəне  өндіруші,  өндірілген  уақыты  жəне  жарамдылық 
мерзімі, сақтау белгілері жəне қолдану үлгісі, құрамы). 
ҚР-да  осы  аккредиттеу  жүйесін  жетілдіру  мақсатында  халықаралық 
стандарттар  мемлекеттік  стандарттар  ретінде  қабылданды:  ҚР  СТ ISO 17025-
2001 “Сынақтау  жəне  зертханалық  зерттеулерге  қойылатын  жалпы  талаптар”, 
ҚР  СТ ISO/ХЭК 65-2001 “Өнімді  сертификаттау  органдарына  қойылатын 
жалпы  талаптар”.  Қазіргі  таңда  ҚР  стандарттау  жəне  сертификаттау  жүйесін 
жетілдірудің  негізгі  бағыты  болып,  сертификаттау  мен  аккредиттеудің 
нормативтік  базасын ISO, Халықаралық  электротехникалық  комиссия, 
Еуропалық стандарттарға EN45000 талаптарына сəйкес өзгерту болып отыр. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет