Квалиметрия


Бүкілəлемдік сауда ұйымына ену алдында өнімнің сапасын



Pdf көрінісі
бет32/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Байланысты:
treatise8149

Бүкілəлемдік сауда ұйымына ену алдында өнімнің сапасын 
жақсартудың маңызы 
Қазіргі  уақытта  республикада  негізгі  ережелерді  Дүниежүзілік  сауда 
ұйымының халықаралық талаптарымен жəне қағидаттарымен сəйкестендірілген 
мемлекеттік  стандарттау  жəне  сертификаттау  жүйелерінің  заңнамалық  негізі 
құрылған.  Осы  мақсатпен  «Техникалық  реттеу  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Заңының  жобасы  əзірленді.  Республикада  мемлекеттік 
стандарттау  жəне  сертификаттау  жүйелерінің  негізін  құраушы  стандарттарын 
халықаралық баламалармен үйлестіру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.  
Қазіргі  кезде  Республикада 39 мыңнан  астам  саналатын  нормативті 
құжаттардың  атаулары,  оның  ішінде: 3700 стандарттау  жөніндегі  мемлекеттік 


 
50
нормативті  құжаттар  (шамамен 700 мемлекеттік  стандарт, 3000-нан  астам 
техникалық  шарттар,  ережелермен  ұсыныстар); 20000 мемлекетаралық 
стандарт, 15000-ға  жуық  шетелдік  стандарттар  жəне 4000 халықаралық 
стандарттар  бар  нормативті  құжаттар  қоры  (Мемлекеттік  стандарттар  қоры) 
құрылды. Алайда, бар қор Қазақстанда қолданыстағы нормативтік құжаттарды 
халықаралық,  талаптармен  үйлестіру  жөнінде  жұмыстар  жүргізу  үшін 
шетелдердің  халықаралық,  өңірлік  жəне  ұлттық  стандарттарымен  жеткілікті 
толықтырылмаған. Алдағы кезеңде Мемлекеттік стандарттар қорын (бұдан əрі - 
МСҚ) кеңейту жəне жаңарту қажет. 
Экономиканың түрлі салаларында стандарттау жөнінде жұмыстар жүргізу 
мақсатында  қызмет  саласына  мемлекеттік  стандарттарды  əзірлеу  жөніндегі 
жұмыстар  мен  халықаралық  стандарттауға  қатысу  кіретін 40 стандарттау 
жөніндегі  техникалық  комитеттер  құрылды.  Алайда,  стандарттау  жөніндегі 
балама техникалық комитеттерді басқа да қамтылған салаларда құру қажет.  
МСҚ кеңейту жəне жаңарту жөніндегі, сондай-ақ ақпарат алмасу жөніндегі 
жұмыстарды  толық  көлемде  жүргізу  үшін  МСҚ  ақпараттық  жүйесінің 
техникалық  жабдықталуын  жаңғырту  жəне  оны  дамыту  жөнінде  жұмыстарды 
жалғастыру қажет. 
Қазақстан  Республикасында  қолданыстағы  стандарттармен  сəйкестікті 
бағалау рəсімдері туралы ДСҰ –на мүше мүдделі елдерді ақпараттандыру үшін 
Техникалық  реттеу  жəне  метрология  комитетіне  бағынысты  кəсіпорын 
негізінде аккридиттеу, стандарттау, метрология жəне сертификаттау мəселелері 
бойынша  ДСҰ-мен  өзара  іс-əрекет  жөніндегі  ақпараттық  орталық  құрылады. 
Қазіргі  уақытта  ақпараттық  орталық  қажетті  бағдарламалық  өнімдермен, 
библиографиялық жəне толық мəтінді дерекқорымен толық жабдықталмаған. 
Мүдделі  тұлғаларды  нарық  жағдайы  туралы  ақпаратпен  қамтамасыз  ету 
мақсатында  республикада  шығарылатын  өнімді  каталогтау  жүйесі  құрылды 
жəне жүргізіледі. Қазіргі уақытта жүргізілуімен көкейкестілігі жалғастырылуы 
қажет өнімнің 3 электронды каталогы құрылған. 
Республикада  түрлі  ведомстволармен  əзірленген 25 сыныптауыш 
қолданыста,  олардың 10-ы  мемлекеттік  мəртебеге  ие.  Техника-экономикалық 
ақпаратты сыныптау мен кодтаудың бірыңғай жүйесін құру қажет.  
Отандық  өнімнің  бəсекеге  қабілеттілігі  өндірісте  сапа  менеджменті 
жүйесінің  болуына  тікелей  байланысты  болады.  Республикада  қазіргі  уақытта 
ISO 9000 стандартына  сəйкес  сапа  менеджменті  жүйесін  шамамен 116 
кəсіпорын  ғана  сертификаттайды,  олардың  ішінде  нақты  секторды  тек  əрбір 
салада 3-4 тен  ғана.  Сапа  менеджмент  жүйелерін  енгізуде  кəсіпорындардың 
қызығушылықтарының  төмендігінің  негізгі  себептерінің  бірі  сапа  саласында 
саясатты  əлсіз  насихаттау  мен  ғылыми-əдістемелік  базаның  болмауы  болып 
табылады.  Таяу  жылдарда  отандық  өнімнің  бəсекеге  қабілеттігінің  деңгейін 
арттыруды  қамтамасыз  ету  үшін  кəсіпорындарда  сапа  менеджменті  жүйелерін 
жəне  қоршаған  ортаны  қорғауды  енгізумен  сертификаттау  жөніндегі 
жұмыстарға мемлекеттік қолдау қажет.  
Қазіргі  уақытта  жалғастырылуы  қажет  өнеркəсіптің  басым  салалардағы 
кəсіпорындарда 9000 жəне 14000 сериялы ISO халықаралық  стандарттарын 


 
51
енгізу  кезінде  туындайтын  мəселелерді  талдау  жөнінде  қолданбалы  ғылыми 
зерттеулер жүргізіледі. 
Отандық  кəсіпорындарды  бəсекеге  қабілетті  өнім  өндіруге  ынталандыру 
мақсатында  республикада  «Сапа  саласындағы  жетістіктері  үшін»  жəне 
«Қазақстанның  ең  үздік  тауарлары»  қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
сыйақысына  ізденуге  конкурстар  құрылды.  Қолда  бар  сертификаттау 
сынақтары  бойынша  республиканың  сынақ  қоры  жеткіліксіз,  себебі  өнімнің 
барлық номенклатурасын қамтымайды жəне республикада тегіс таратылмаған. 
Сынақ қорын жабдықтау үшін өнімнің, шикізаттың жəне материалдардың 
əлеуеті  қауіпті  түрлеріне  сертификаттық  сынақтар  жүргізу  жөніндегі 
аккредиттелген сынақ орталықтары (зертханалар) желісін құру жəне жетілдіру 
қажет.  Бұдан  басқа,  республикада  халықаралық  деңгейде  танылған  жəне 
халықаралық сарапшылар тізілімдерінде тіркелген мамандар жоқ. Халықаралық 
жəне  өңірлік  ұйымдарда  мамандарды  даярлауда  жəне  олардың  біліктілігін 
арттыруды жүргізу қажет.  
Осылайша  қазіргі  уақытта  қолданыстағы  ұлттық  стандарттау  жəне 
сертификаттау  жүйелері  халықаралық  талаптарға,  соның  ішінде  Саудада 
техникалық  кедергілер  мен  санитарлық  жəне  фитосанитарлық  шаралар 
жөніндегі  Дүниежүзілік  сауда  ұйымы  келісімдерінің  талаптарына  жəне  ТМД  
елдерінің  еркін  сауда  аймағындағы  техникалық  кедергілер  жөніндегі 
келісімдерге сəйкес келтірілмеген. 
Мəселелердің күшті жəне əлсіз жақтары берілген.             
Күшті жақтары 
-Техникалық реттеу жүйесіне өту жөніндегі жұмыстардың бірінші кезеңін 
жүргізу; 
-республика  кəсіпорындарында  сапа  менеджменті  мен  қоршаған  ортаны 
қорғау  жүйелерін  енгізу  жөніндегі  жұмыстарды  насихаттау  мен  қолдау 
жөнінде жұмыстар жүргізу; 
-салаларда стандарттау жөніндегі қызметтерді жандандыру. 
 
Əлсіз жақтары  
-ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестірудің төмен 
пайызы; 
-техникалық реттеу саласында бірыңғай саясатты құруға кері əсер ететін 
мемлекеттік органдардың жекешелендірілгендігі; 
-халықаралық тізілімде тіркелген сарапшылардың болмауы; 
-өнімнің  жекелеген  түрлерінің  сапасын  бақылау  үшін  сынақ  қоры  мен 
қазіргі заманғы жабдықтардың болмауы. 
Қазақстан 1996 жылы ұйымға кіру туралы жариялы мəлімдеме жасап БСҰ 
–  ның  құрамына  тіркеле  бастады.  Осы  жылдың  ақпанынан  бастап  елімізге 
бақылаушы  статусы  берілді.  Сонымен  қатар  еліміздің  БСҰ – на  кіруі  үшін 
Қазақстанның  барлық  сауда  жөніндегі  əріптес  мемлекеттермен    жұмыс  тобы 
құрылды.  Бұл  топ  құрамына:  Қазақстан  мен  оның  сауда  ұйымына  кіру 
жағдайын талқылауға ниет білдірген 36 мемлекет (АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, 
Австралия, Швейцария, Қытай жəне т.б.) кірді.  


 
52
1996  жылдың  шілдесінде  Қазақстан  сыртқы  сауда  режимі  туралы 
меморандумын жəне басқа да құжаттарды (заңдыжобалық жұмыстар жоспарын, 
жекешелендіру,  салық  салу,  санитарлық  жəне  фитосанитарлық  шаралар, 
стандарттау жəне сертификаттау, зияткерлік меншікті қорғау жəне т.б.) жұмыс 
тобы  мүшелерінің  қарауына  жіберді.  Осы  уақыт  аралығында  Республикадағы 
сыртқы сауда режимі жəне заң шығару базасы талқыланған бес отырыс болып 
өтті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет